Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауылға ауызсу келді

31 октября 2020 17:00 • 719 просмотров

Жылдар бойы су тапшылығын көріп келген Қабырға ауылында жаңа су торабы қолданысқа берілді. Елді мекендегі кеңестік дәуірде көшелерге тартылған су құбырлары істен шығып қалған болатын. Ауыл тұрғындары 25 жыл бойы өзеннен сапасыз суды тасып ішкен. Енді бұл қиындықтар артта қалды. Ауыл тұрғындары тазартылған сапалы су ішетін болды.

Қабырғалықтардың су тапшылығы машақатынан құтылуына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындарға 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы сеп болды. Облыс басшысы Архимед Бегежанұлы бұл бағдарламаны назарға алып 82,2 млн теңге қаражат бөліп, ауылды сумен жабдықтау нысанын салып берді.

Су жабдықтау насанының ашылу рәсіміне аудан әкімі Әмірхан Асанов арнайы барып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Рәсімде ауыл ақсақалы Егінбай Бәйкенұлы, кәсіпкер Айгерім Қойшығарақызы құттықтау сөз сөйлеп, аудан басшысына алғысын білдірді.

Сондай-ақ, ауыл мектебі мен спорт залын осы ауылда туып өскен қалталы азаматтар мен шаруа қожалығының басшылары қаражат бөліп мектеп іші күрделі жөндеуден өткізуде. Аудан басшысы мектептің ішін, және жылу қазандығын аралап көрді.