Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ілкімді істер аз емес

1 ноября 2020 15:00 • 17 840 просмотров

Қостанай облысы Жангелдин ауданынында 12 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл туралы аудан әкімі Шота Оспанов журналистермен өткен брифингте айтты.

Жангелдин ауданы – облыс орталығынан ең шалғай орналасқан өңір. Аудан экономикасының негізгі саласы, стратегиялық маңызды бағыты – ауыл шаруашылығы өндіріс. 2020 жылдың 9 айында аудан кәсіпкерлері 12 млрд 703 млн теңгенің өнімін өндірген. Астық науқаны да уақытылы аяқталды.

«Жангелдин ауданында 25324 га жерге егін себілді. Одан 20765 га бидай жиналып, орташа түсімі 8,3 ц/га болды. Көктемгі егін себу жұмыстарына 369 тонна арзандатылған жанармай бөлінді. Мал шаруашылығы саласында 8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемі 104,2 пайызға жетті. Шаруашылықтардың барлық түрлерінде 38 мың бас ірі қара, 92 мың бас қой-ешкі, 13 мың астам жылқы өсірілуде. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 4 шаруашылық Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы 77 млн теңге несие алды», — деді аудан әкімі Шота Оспанов.

Биыл ауданда «Жұмыспен қамтудын жол картасы», «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары аясында бірнеше нысанда күрделі жөндеу, құрлыс жұмыстары қарқында жүріп жатыр. 459 жұмыс орны құрылса, Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 234 адам жұмыс тапты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Албарбөгет ауылдық округінің Көлқамыс ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғыртуға 104 млн теңге бөлінді. Мұндай жұмыс Ақкөл, Қалам-қарасу және Сарысу ауылдарында да жүргізілді. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы ауылына таза ауызсу желісі тартылады. Бұған дейінгі сумен жабдықтау жүйесі қайта жаңғыртылып, нысанының құрылыс жұмыстары алдағы 10 желтоқсанда аяқталмақ. Бұл мақсатқа қазынадан 332 млн теңге бөлінген. «Ауданда «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 548 млн теңгені құрайтын «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» құрлысына 362 млн теңге бағытталды. Нысанды іске қосу 2021 жылдын 31 тамызына беліленген. Салынған мерзімнен бастап жөндеу жұмыстары жүргізілмеген Жангелдин аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Топжарған» стадионы күрделі жөндеуден өтеді. Жоба құны – 156 млн теңге. Сонымен қатар Торғай ауылының инфрақұрылымын жаңартуға мән беріліп келеді. Еесепті жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы Мәуленов, Тынымов, Құлжанов, Алтынсары, Кейкі батыр көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді», — деді Шота Оспанов.