Қостанай облысында екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Бұл туралы қоғам өкілдерінің мониторингі кезінде белгілі болды.
Қоғамдық бақылау тобы 27 қазанда бірқатар тексеру жұмыстарын жүргізді. Олардың қатарына мектептер, тұтыну кооперативтері және кәсіпорындар кірді. Барлық санитарлық талаптар орындалған. Кіре берісте термометрия жүргізіліп, аяқ астында дезинфекциялық төсеніштер бар, барлық персонал жұмысын бетпердемен жүргізеді. Қостанай облысындағы қоғамдық бақылау үйлестірушілері «СК Фармация» қоймаларын тексерді. Рейд барысында COVID2019 және пневмонияны емдеуге арналған дәрілік препараттардың бар-жоғы тексерілді. Қоғамдық бақылау тобы өңірдің 9 ауруханасын аралап шықты. Қауіпті індеттің 2-ші толқыны басталған жағдайда мамандар дәрі-дәрмек тапшылығы сезілмейді деген сенімде.
«Дәрі-дәрмектерді амбулаториялық қамту бойынша біздің серіктестікпен Қостанайдың 32 медициналық ұйымы жұмыс істейді. Қоймаларға түскен дәрі-дәрмектер бір аптадан артық сақталмайды, одан әрі жоспарға сәйкес облыстың емдеу мекемелеріне жіберіледі. Қазір облыс емханаларына құны 1 млрд теңгеден асатын дәрі-дәрмектер жеткізілді. Препараттар аймаққа апта сайын әкелінеді. Әкелінген фармацевтикалық өнімдердің арасында антибиотиктер мен вирусқа қарсы препараттар жеткілікті. Екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Әзірге логистикалық мәселелер туындап отырған жоқ», — деді Қостанай облысы бойынша «СК-ФАРМАЦИЯ» серіктестігінің ресми өкілі Марина Лабазова.
Коордианторлар Қостанай ауданының туберкулезге қарсы ауруханасының басшылығымен кездесу өткізіп, дәрі-дәрмек пен тергеу изоляторлары бар қойманы тексерді. Аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде 121 орынға шақталған оттегі станциясы орнатылған. Қоғамдық топ өкілдері 2020 жылдың 2 қарашасында тағы да рейд жүргізбек.