Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова Әулиекөл ауданына іссапармен барып, Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің аудандық әкімдікте аудандық Жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелерінің, қалалар мен аудандардың мемлекеттік мекемелері мен жастар ресурстық орталықтарының басшыларының қатысуымен онлайн режимінде өткен көшпелі отырысына қатысты.
Күн тәртібінде Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменов мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және еріктілер жылының мәселелері, сондай-ақ өңірдің қалалары мен аудандарының жастар ресурстық орталықтарының қызметі туралы айтып берді. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде жастар кәсіпкерлігін дамыту тақырыбы сөз болды.
– Жастармен жұмыстың маңыздылығын тағы да атап өткім келеді. Біз жастарды жергілікті жерлерде өркендеуі үшін жағдай жасап, оларды одан әрі дамыту үшін жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек, — деді Бақыт Аманкелдіқызы.
Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабының» лауреаты, жас кәсіпкер Айбек Таңатбаев спикер ретінде сөз алып, кәсіпті ашудағы өзінің тәжірибесімен бөлісті. Мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көргенін тілге тиек етті.
–Мен ерте жастан жұмыс істеймін және бастаушы кәсіпкерге қаншалықты қиын екенін жақсы білемін. Жинақталған тәжірибе туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі. Мемлекеттің көмегіне қарамастан, алыс аймақтардан келген жастар үшін өз ісін бастау қиын. Нақ осы озық жастар болашақ жетістіктердің локомотивіне айналуға тиіс. Мен Амангелді ауданының тумасымын, кәсіпкерлік қызметпен айналысамын және мүмкіндігінше басқа да ауыл тұрғындарына бизнес ашуға көмектесемін. Бүгінгі таңда мен «Бердіқаз» ЖК басшысымын. Оған жатақхана, дүкен, Kcell орталығы және гүл павильоны кіреді. Мұның бәрі – үлкен күнделікті жұмыс пен мемлекеттік қолдаудың нәтижесі. Нақтырақ айтсақ, «Бастау бизнес», «Бизнестің жол картасы 2020», «Еңбек» бағдарламалары бизнесті дамытуға көмектесті, – деді жас кәсіпкер Айбек Таңатбаев.
Шара соңында кеңес мүшелері жастар жобаларын іске асыруға жас көшбасшыларды белсенді түрде тарту ұсынылды.