Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауруханаға жөндеу жасалмақ

13 ноября 2020 11:00 • 398 просмотров

Республикалық қоғамдық бақылау тобының үйлестірушісі Саида Таукелева Рудный қаласындағы орталық аурухананы тексеруден өткізді. Бүгінде Рудный қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде 120 төсек орын дайындалған. Науқастар инфекция пайда болған көрші ауылдардан келіп, емделеді. Аурухана дәрігерлері COVID-2019 инфекциясымен күреске дайын.

«Инфекциялық бөлімше таза және лас аймақтарға бөлінген, пациенттер мен қызметкерлер арасында тығыз байланыс болмайды. Бейнебақылау жүйесі талаптарға сәйкес келеді. Барлық қажетті құрылғы, атап айтқанда рентген жүйесі мен өкпені жасанды желдету аппараты, арнайы концентраторлар бар. Қазіргі уақытта оттегі қосалқы станциясын орнату аяқталуда, содан кейін 120 төсек-орынға оттегі құрылғысы қойылады. Аурухананың қоймаларында барлық қажетті дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры құрылды. Ас өңдеу бөлімі тиісті талаптармен жұмыс істеп тұр. Терапия, перинаталдық және инфекциялық бөлімшелер үшін ас-ауқат бөлек есіктерден беріледі. Ас блогында және перинаталдық орталықта бір бригада, ал басқа бөлімшелерге бөлек аспаздар тамақ дайындайды», — деп атап өтті Республикалық қоғамдық бақылау тобының үйлестірушісі Саида Таукелева.

Алдағы жылы ауруханадағы мәйітханаға 260 млн теңгеге жөндеу жасалмақ. Себебі, нысан 1975 жылдан бері жөндеу көрмеген. Қоғамдық бақылау тобы анықтағандай, мәйітханадағы камералардың сыйымдылығы тиісті талаптарға сәйкес келмейді.