Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жітіқараға жедел жәрдем көліктері жеткізілді

13 ноября 2020 16:00 • 534 просмотров

Қостанай облыстық жедел жәрдем станциясының автопаркі жаңа реанимобильдермен толықты, деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қараша айында Қостанай облысына заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған 52 көлік әкелу жоспарланған. Соның алғашқы партиясы Жітіқара ауданына жөнелтілді.

Облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Ирина Штейгервальдтың айтуынша, әр реанимобильдің ішінде оттегімен толтырылған 24 литрлік төрт баллон бар.

«Жітіқара қаласынан облыс орталығына дейінгі арақашықтық 200 шақырымнан асады десек, реанимобиль ішіндегі оттегі баллондары науқасқа жеткілікті мөлшерде толтырылған. Осындай жаңа заманғы медициналық көліктер шалғай ауылдардағы тұрғындарға дер уақытында көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жаңа көліктердің келесі легі Лисаков қаласының фельдшерлеріне жетеді. Мұнан соң кезекте Арқалық қаласы тұр. Осылайша, жедел жәрдем автопаркі біртіндеп жаңартылады. Қазір облыстық жедел жәрдем станциясы қажетті техникамен қамтылған», — дейді Ирина Штейгервальд.

Жітіқараға жеткен реанимобиль бірден жұмысқа кірісіп кетті. Жітіқара аудандық жедел жәрдем станциясының аға фельдшері Қалима Жаманқұлова айтқандай, жаңа техникалардың мүмкіндіктері кең. 28 жыл бойы жергілікті жедел жәрдем станциясында еңбек етіп жүрген фельдшерге реанимобиль ішіндегі медициналық жабдықтар таңсық емес.

«Жітіқара автопаркінде мұндай техника бұрын-соңды болмаған. Бұған дейін ескі «УАЗ»-бен де жүрдік. Реанимобильдер келген соң аурухана үш бригадаға бөлінді. Шақыртуларға шығатын фельдшерлер жаңа құрылғыларды тез меңгеріп кетті», — дейді тәжірибелі фельдшер.

Жітіқараға осы аптада тағы бір реанимобиль жеткізіледі. Арнайы көліктерде коронавирустың бірінші толқынында кезіккен кемшіліктер толық ескерілген. Өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриляторлар, электрлі кардиографпен жарақтандырылған.