Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанайлықтар талапқа бағынар емес

18 ноября 2020 14:00 • 424 просмотров

Облыс орталығында карантин нормалары толық сақталмай келеді. Кей бизнес нысандары белгіленген уақытта қызметтерін тоқтатпай, жасырын түрде жұмыс істеп тұр. Бұған кезекті рейд барысында куә болдық.

Талап бойынша кешкі сағат 21:00-ден бастап сауда дүкендері жабылуы тиіс. Бірақ Қостанай қаласындағы азық-түлік дүкендері бұны ескерер емес. Сағат тілі тоғыздан әлдеқашан асып кеткен. Алайда, №55- дүкен әлі де саудасын қыздырып жатыр. Тексеру жүргізген мониторингтік топ мүшелерімен сатып алушылар тілдесті. Ал сатушының тіпті бір сұраққа жауап бергісі жоқ. Бар айтқаны: «Мен – тек сатушымын. Барлық сұрақтарыңызды басшылыққа қойыңыз!»

Бұнымен іс бітпесі анық. Қостанай облысының Бас дәрігері бекіткен қаулыға сәйкес талап бәріне ортақ. Қостанай қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсем Есжанова тәртіпті түсіндіді.

– 21:00-ден кейін барлық азық-түлік дүкендері жабылуы тиіс. Алайда біз келіп тұрған «№55» дүкен тұрғындарға тәулік бойы қызмет көрсетеді екен. Бұл — санитарлық талаптарға бей-жай қарау деген сөз. Осындай жауапсыздықтың салдарынан, карантин күшейтілуде. Демек, кәсіпкерлер өз уақыттарын өздері алып, шектеулердің жалғасуына әкеп соқтырып отыр. Қала тұрғындары әлі күнге едйін жауапкершілікті түсінбей келеді. Бас дәрігердің қаулысына құлақ аспайды десек те болады. Бүгін де біренеше бизнес нысанының жұмыс істеп жатқанын байқадық, бәріне ескерту жасалды,-дейді Қостанай қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсем Есжанова.

Мониторингтік топ тексеру жүргізген кезекті нысан – тай массажының салоны. Ол да шекті уақыттан асып, қызметін жалғастыруда. Салон әкімшісінің сөзінше, келушілерді қабылдауға түнгі 12-ге дейін рұқсат берілген. Алайда, тәртіп сақшысы міндетін орындап, түсініктеме жазуды талап етті.

–Карантин режимінің күшейтілуіне және шектеу шараларының жалғаса беруіне осындай жауапсыз кәсіпкерлер кінәлі. Олар «өздерін» ғана ойламай, өзгелердің де денсаулығына қауіп төндіретінін түсінуі тиіс. Ережені елемегендердің ендігі шаруасы сот шешіміне байланысты болады, — дейді мониторингтік топ мүшелері.