Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Атқарылған жұмыс аз емес

28 ноября 2020 10:39 • 559 просмотров

Қостанай трактор зауыты өзінің алғашқы жылдық мерекесін атап өтті. Бұл зауыт Қазақстан Республикасы аумағында қуатты «Кировец» тракторларын өндірумен айналысады. Бұл кәсіпорынды Ресей Федерациясымен бірлескен өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту аясында 2019 жылы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен Петербург трактор зауытының директоры Сергей Серебряков ашқан болатын.

Бүгінде бұл зауыт өзінің жобалық қуатына көшіп қана қоймай, «кировец» тракторларын жергілікті тұтынысқа жібере бастады. Өндіріс орны пластикпен жұмыс істеуге арналған жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған.

«Бұл – зауытымыздың дамуының жаңа кезеңі. Пластиктен жасалған компоненттерді шығару – айтарлықтай күрделі және ауыр еңбекті талап ететін процесс. Біздің мамандар Санкт-Перетрбургте оқытудан өтті. Біз қазір станоктарды ретке келтіру және трактордың төбесі, капоты мен қалақбасын (крылья) сынама үшін өндіруді іске асырудамыз», — дейді зауыт директоры Динара Шүкіржанова.

Қазіргі таңда зауыт Петербург трактор зауытынан келетін сарапшы комиссияны күтуге даярлануда, олар пластик өндірісінің сапасын сыннан өткізіп көрмек. Сәттілік серік болып, сертификаттаудан өтіп жатса, Қостанайдағы қазақстандық кәсіпорын өз қажеттілігіне ғана емес, барлық «Кировец» тракторларының компоненттерін шығаруға ден қоймақ. Нақтырақ айтқанда, жылына 3000 трактор өндірілмек.

«Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласы үшін мұндай маңызды брендтің пайда болуы – Қазақстан үкіметінің, ҚР Индустрия және инфраструктуралық даму министрлігінің үлкен үлесінің арқасы. Мемлекеттің отандық өндіріске көрсетіп жатқан қолдауының арқасында біз өз әлеуетімізді көтеруге, жаңа жұмыс орындарын құруға, әлемге әйгілі көлік құрастыру трендтерімен иін тірестіре дамуға мүмкіндік алдық», — деп толықтырды директор.

Отандық өндірістегі «Кировец» тракторы Қазақстан нарығында өз орнын ойып тұрып алады. Бір-ақ жыл ішінде Қостанай трактор зауытының өнімдерін аса қуатты трактордан хабары бар 280-нен астам фермер сатып алған.