Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Түрік кәсіпкерлерімен кездесті

Қостанайда қазақ-түрік кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы талқыланды.

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов «Dervisoglu Group» түрік компаниясының өкілдерімен кездесті.

Компания органикалық өнімдерді өсіру, өңдеу және экспорттау жобаларын жүзеге асыруға маманданған және Стамбұл өнеркәсіптік палатасының ТОП-500 өнеркәсіптік кәсіпорындары көшбасшыларының бірі болып табылады.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы органикалық өнімдерін өндіру саласында әлеуетті ынтымақтастықты жолға қою туралы келіссөздер жүргізілді.

Сондай-ақ, шетелдік қонақтар «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдерімен бірге Федоров ауданына барып, жергілікті әкімшілікпен және органикалық өнім өндірумен айналысатын кәсіпорын басшыларымен кездесті. Одан кейін шетелдік делегация  «Успенов» шаруа қожалығына барды.