Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Айтарлықтай жұмыстар атқарылды

Ағымдағы жылдың 10 айында Науырзым ауданында айтрлықтай жұмыстар атқарылды. Бұл туралы Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Науырзым ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімі Талғат Карбозов айтып берді.

Осы уақыт ішінде ауданда біраз жұмыстар атқарылды. Барлық бағыттар бойынша ауданды дамыту қорытындысы оң өзгерістерге толы болды, бұл әлеуметтік-экономикалық саланың сенімді қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетеді. Өнеркәсіп өнімнің физикалық көлемі 117,5 пайызды құрап, есепті кезеңде аудандағы өндірістік өнеркәсіп кәсіпорындары 247,2 млн теңгенің өнімін өндірді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 3 млрд. 578 млн. теңгені құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,2 есеге көп.

— Агроөнеркәсіптік кешен – аймағымыздың ірі және әлеуметтік маңызы бар экономика секторы болып табылады, оның негізін ауылшаруашылығы құрайды. Осы жылы 21 млрд. 710 млн. 500 мың теңгеге ауыл шараушылық өнімі өндірілді. Ауыл шараушылық өнімдерінің жалпы шығарылымының нақты көлем индексі 209,5% құрады,оның ішінде өсімдік шаруашылығымен 16 млрд. 196 млн. теңгеге, мал шараушылығымен 5 млрд. 454млн. теңгеге өнім өндіріліді. Науырзым ауданының туристік потенциалы мол және алуан түрлі, туризмнің көптеген түрін, тарихи-мәдени объектілерге барумен байланысты танымдықтан бастап, экотуризм, туризмнің басқа да белсенді түрлеріне дейін дамытуға бірегей мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, аудан аумағында қонақтарға туризмнің қолжетімді объектілері «Түркебай әулие атаның бейіті», «Қоянақ әулие әженің бейіті» сакралдық нысандары бар.Биылғы жылы сакралдық нысандар есебіне Мәтен Баяндыұлы батырдың жерлеген жері мен Үмбетей батыр Байсеитұлы кесенесі қосылып отыр, — дейді аудан әкімі Талғат Карбозов.

Аудандық мәдениет үйінің жоқтығы мәдени іс шаралардың өтуіне өз қиындықтарын тигізуде, осы мәселені шешу мақсатында жобалау сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жасалуда. Ауданда орындалған құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 4 есе көп құрады.3 млрд. 604,0 млн теңге сомасына құрылыс жұмыстары орындалған. Оның ішінде Қарамеңді ауылында жылу трассасы бар қазандық құрылысы, Абай көшесіндегі 18 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңарту, Әулиекөл –Жолдама автомобиль жолын орташа жөндеу, Докучаевка-Раздольное –Аралкөл автомобиль жолын орташа жөндеу жүргізілген.

Абаттандыру жұмыстары жергілікті атқарушы органдар органдары қызметінің маңызды саласы. Дәл осы салада атқарылған жұмыстар да көп. Кеспе тастарды төсеу жұмыстары аяқталды, «Жастар» саябағының аумағында жарықтандыру шамдары орнатылып, көше жаттықтырулары орнатылған.