Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Шалғай ауылдағы шаттық

17 декабря 2020 15:00 • 714 просмотров

Жангелдин ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы ауылына ұялы байланыс орнатылды. Бұл шалғайдағы елді мекенде шешімін көптен күткен мәселе еді.

«Ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Бәрі арқа-жарқа. Қолдарында телефон. Көптің риясыз, баладай шын қуанғанын көргенде көңілің толқиды екен», — дейді ауылдық округ әкімі Шыңғыс Сәдуақасов.

Жалпы, 2020 жыл Ахмет Байтұрсынұлы ауылы үшін табысты болды. Көктемде аудан басшылығы ауылға су жаңа жедел жәрдем көлігін берді. Артынша жұртшылық ата-баба рухына тағзым етіп баратын қорым қоршалды. Кейін, тамыз айында әр үйге су тарту жұмысы, Ақкөлмен екі араға кеңестік кезеңнен шешілмей келе жатқан көпір салу жұмысы басталды. Бүгін ұялы байланыс орнады.

«Әрине, осы жыл жалпы әлем үшін, біздің ел үшін де жеңіл болған жоқ. Соған қарамастан, елдегі осындай еңселі істер Президенттің пәрменін, ел экономикасының дұрыс бағытта екенін, облыс, аудан әкімінің елге жанашырлығын көрсетеді деп ойлаймын», — деді Ш.Сәдуақасов.