Пандемия кезінде Қостанай облысы ірі компанияларға арқа сүйеді.
Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі – Қостанай облысы. Ел экономикасының ілгері басуына Тобыл-Торғай төсі ауқымды үлес қосып отыр десек, ешкім жоққа шығармас. Ендеше астығымен аты шыққан аймақтың биылғы жұмыстарын саралап көрелік.
Сөзсіз, биыл әлеуметтік-экономикалық ахуалға аты жаман ауру үлкен соққы болып тиді. Бұған аса назар аударудың жөні болмас, коронавирустың қай салаға, кімге болмасын қалай әсер еткенін жақсы білеміз. Сол себепті ағымдағы жылы айтарлықтай өзгерістер бар.
Бұған дейінгі жылдарда өңірдегі ішкі өнімнің 363 есеге өсіп, адам басына шаққандағы көрсеткіштің 504 есеге жоғарылағанын жеткізген едік. Расымен де, тәуелсіздік жылдарынан беріа айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіппіз. Қанша жерден қиын болды дегенімізбен, өткен жылы да ауқымды жұмыстар атқарылған.
Қостанай облысы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәлімдеуінше, 29 жылда Тобыл бойының негізгі капиталына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылыпты. Өңіріміз аграрлық саладан аграрлы-индустриялық салаға бет бұра бастады. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге ерекше мән берілді. Мәселен, 1991 жылдары алынған өнім сомасы 10 млн теңгені құраса, 2020 жылдары бұл көрсеткіш 443 млн теңгеге жетті.
Сондай-ақ, тау-кен өндірісі саласында да екпін түсірер істер тындырылды. Тәуелсіздікті енді алған тұста осы бағыттағы өңдеу жұмыстары 20% шамасында болса, қазіргі меже 54%-ға тұрақтады.
Мемлекет басшысының қолға алынған индустрияландыру бағдарламасы аясында соңғы 6 жылдың ішінде Қостанай облысында 84 инвестициялық жоба жүзеге асырылыпты. Мұндағы жалпы қаржы көлемі 125 млрд теңгеге жеткен. 5 мыңнан астам жұмыс орыны пайда болды. Қостанайда құрылған кәсіпорындардың ауқымы кеңейіп, ТМД, Еуропа және Азия аумағындағы 80 астам мемлекетпен жұмыс істейтіндей дәрежеге көтерілген.
Соңғы он жылдың бедерінде теріскейдегі облыс ауылшаруашылығымен қатар, экономиканың өзге де саласын қолға ала бастады. Ауылшаруашылығына арналған комбайндар, жүк және жеңіл көліктер мен құрылыс материалдарын жасауды игерді. 2010 жылы Қостанай көлік зауытынан 30 мың жеңіл көлік құрастырылып шығарылған болатын. Қосымша инвестициялық қаржыландыру арқылы 2020 жылы көрсеткішті 54 мыңға жеткізу көзделген. Бұл меже де бағындырылды. Алдағы уақытта 9,5 мың дана жеңіл көлікті көрші елге экспорттау жоспарланып отыр.
Биылғы жылдың аурылығына орай, өңірдегі көптеген ірі компаниялар көмек қолын созғанын айта кеткен жөн. Жергілікті басқарушы органмен бірлесе жұмыс істеудің арқасында, індеттен іркілмей шыққандар бар. Солардың жарқын мысалы ретінде ERG компаниясын ерекше атап өтсе болады.
ERG Қостанай өңіріндегі COVID-19 індетіне қарсы күрес шараларына қосымша 107 млн теңге бағыттайды. Бұл туралы компанияның корпоративтік коммуникациялар департаменті хабарлады. Наурыз айының басында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен ERG Бас Атқарушы Директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев өзара ынтымақтастық туралы дәстүрлі Меморандумға қол қойған еді.
Бұл жолы қаражат облыс әкімдігімен арада жасалған әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы әріптестік жөніндегі Меморандум аясында қарастырылмақ. Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерде коронавирус инфекциясының пандемиясына қарсы күрес шарларына барынша қолғабыс етіп отыр. Осыған дейін Қостанай облысымен арадағы Меморандум аясында жалпы сомасы 592,3 млн теңгеге көмек көрсетілген болатын. Қаражат негізінен мединицалық жабдықтар мен жарақтар сатып алуға бағытталды.
– COVID-19 пандемиясы барша әлемді қиындықтарға тап қылды. Мұндайда біздің бірлігіміз бен жауапкершілігіміз маңызды. Осы орайда, ERG-ге қолдауы мен Қостанай өңірінде індетке қарсы шараларға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз. Қаражат тап қазіргі кезде ең қажет – дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Әрі бұл қиын жағдайда қалған талай жанға шипа, дертіне дауа боларына сенімдіміз. Осылай бірлесе отырып, біз бар қиындықтарды еңсере аламыз, – дейді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов.
Еуразиялық Топ қоғам мен мемлекет алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін әрдайым берік ұстанып, міндеттемелерін қалтқысыз орындауға талпынады. Көктемде ERG Павлодар облысына жалпы көлемі 600 млн теңгеге көмек көрсетіп, өкпені жасанды желдету аппараттары мен пульсоксиметрлер сатып алған болатын. Оған қоса, Ақтөбе облысына 419,03 млн теңгеге медикаменттер мен медициналық жабдықтар сатып алынды.
Eurasian Resources Group компаниясының шапағаты бұнымен таусылмайды. Биыл ERG Қостанай облысындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға 3,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлмек.
Меморандум үшін жобаларды іріктеу кезінде ERG шығаратын шағын қалаларға ерекше назар аударылады. Дәстүр бойынша Қашар кентін абаттандыруға қомақты қаражат бағытталатын болады. 2017 жылы мұнда
«Ақылды карьер» жобасы енгізілді. Бұл инновация сол кезде елдің үздік жобасы деп танылды. Бүгінде қашар карьерін өңдеу технологиясын өзгерту бойынша жұмыстар жалғасуда. Кенттің әлеуметтік саласын дамытуға да көп көңіл бөлінеді.
Бір кездері ол ымырасыз деп саналған деп елестету қиын. Бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру ауыл өмірін айтарлықтай өзгертті. Ол 2000 жылы жылу орталығын қайта құрудан басталды (бұған дейін қазандар мазутта жұмыс істеген). Отынның арзан түрі-көмірге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ал қазір ССКӨБ «қашар жылу орталығын қайта құру» жобасын әзірлеп жатыр. Кестеге сәйкес 2021 жылы жобаны іске асыру басталады. Тарифтің айтарлықтай өсуіне жол бермеу үшін қашарларды жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз етудің орындылығы қарастырылады.
Қашар орта мектебіне үлкен көмек көрсетілді. 2011 жылы оқу орны өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтті. Мұғалімдер мен оқушылар үшін бұл іс-шараға сыйлықтар күрделі жөндеу және заманауи компьютерлік сынып болды.
Тұрғын үй қорының жағдайын жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Кенттің 2-ші шағын ауданындағы үйлер ретке келтірілді. Қасбеттер Боялды, жөндеу жұмыстары жүргізілді, металл есіктер орнатылды, балалар және спорт алаңдары абаттандырылды.
2013 жылы ынтымақтастық туралы меморандум аясында мешіттің құрылысы аяқталды. 2014 жылы ауылда шіркеудің құрылысы басталды. Денсаулық сақтау мәселелері де назардан тыс қалған жоқ: кент ауруханасына УДЗ аппараты, Жедел медициналық көмек машинасы сатып алынды.
Өзгерістер тізімі жалғасуда. 2019 жылы Рудный – Қашар жолының 30-дан 50 шақырымға дейінгі учаскесі жөнделді. 2020 жылы Рудныйдан 30 шақырымға дейінгі жол учаскесін жөндеу жоспарда бар.
Көп ұзамай қашарлықтарды тағы бір маңызды оқиға – жастардың бос уақытын өткізу орталығын жөндеудің аяқталуы күтіп тұр. Қашар кентінің инфрақұрылымын дамытуға жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені де елеулі үлес қосты. Ауылда тартан жамылғысы бар жүгіру жолы бар. Қашар ұлдар мен қыздар аулада бос жүрмеуі үшін, спортпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған.
Бұл оң өзгерістерге кентке одан әрі қолдау көрсетуге ниетті Еуразиялық Топ пен ССКӨБ тікелей қатысы бар. 11 жыл ішінде Еуразиялық Топ қашар кентін дамыту мен абаттандыруға үш миллиардқа жуық теңге жұмсады.
Сондай-ақ, бұл ретте облыс орталығындағы «СарыарқаАвтоПром» көлік құрастыру зауытын да атап өткен жөн. Қысыл-таяң сәтте көмек қолын созған кәсіпорындардың бірі ретінде еңбегі еселі.
Әлем назарын өзіне аударған пандемияға қарамастан Қостанайда құрастырылған JAC электромобильдерінің, басқа көлік құралдарының саудасы тоқтамады. Жақын жылдары қытайлықтардың көмегімен, бұл көрсеткішті көбейту ойда бар дүние. Басты мақсат – Тобыл өңіріне инвесторларды тарту және арнайы индустриялды аймақ құрып, күншығыс елінің кәсіпкерлерімен бірлесе, көлік компоненттерін құрастыру зауытын тұрғызу. Бұл бастама өнімділікті 38%-дан 50%-ға өсіруі тиіс. Қостанайлықтар болашақта индустриялық аймаққа жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін орналастыруды көздейді. Жобаларды жүзеге асыру үшін үкімет тарапынан 5 млрд теңге бөлінеді.
Биылғы атқарылған ауқымды істердің қатарына «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасында ашылған бисквит жасау цехін жатқызуға болады. Өткен жылы Қостанайға жасаған іссапарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс ошағының өнімдеріне өзінің оң бағасын берген еді. Қазіргі таңда Қостанай тәттілері Ресей, Германия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан мен Әзербайжан елдеріне экспортталады. Мұнда арнайы батон шығаратын желі де іске қосылған.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Тобыл өңірінде 90-100 мың тонна ұн алынса, биылғы жылдың он айында ғана облыс бойынша 5 млн тонна астық орылыпты. 29 жылда қамбаға құйылған астықтың көлемі – 100 млн тоннадан басады. Ауқымды көрсеткішке жер құнарлығын арттыру, ылғал сақтау (нөлдік) технологиялар мен заманауи техникалардың күшімен қол жеткізгенімізді ескерте кеткен жөн. Астықты аймақтың техникалық мүмкіндігін күшейту мақсатында, биыл агроөндірістік парк ашылуы бек мүмкін. Бұл үшін бюджеттен 4,5 млрд теңге қарастырылып отыр.
Тобыл өңірінде мал шаруашылығы да күш алып келеді. Соңғы үш жылдың көлемінде ет өндірісі – 86% (12,2 мың тонна), сүт – 41% ( 22,3 мың тонна) және жұмыртқа — 11% (31 млн. дана) жеткізілді. «Сыбаға», «Құлан» іспетті мемлекеттік бағдарламалардың ықпалымен бұл бағытта да бірқатар істер тындырылмақ.
Үкіметтің жүргізіп отырған саясатының нәтижесінде, Қостанай облысында экономиканың жаңа салалары игерілді. Индустрияландыру картасының шеңберінде облыста кен байыту, машина құрастыру, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын шығаруға бағытталған бірегей жобалар іске қосылды.
Ал, болашаққа көз жүгіртер болсақ, облыстық мәслихат депутаттары алдағы үш жылдың бюджетін де бекітіп үлгерген еді. Биыл 163 млрд теңге жұмсалмақ. Қарастырылған қаражаттың басым бөлігі ауыл шаруашылығын дамыту мен қолдауға бағытталады, яғни бұл мақсатқа 31,4 млрд теңге бөлініп отыр. Ал 18,8 млрд теңге денсаулық сақтау саласына құйылады.
Инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға 24,5 млрд теңге бөлу жоспарланды. Бұл соманың тең жартысы жобалауға шығындалады. Айталық, Юбилейный атты жаңа шағын ауданында бес, тоғыз және он қабатты үйлер бой көтерді. Бұған қоса, осы ауданда 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталуға тақау. Аталмыш ауданда ERG компаниясының қоладуымен «Жастар сарайы» бой көтерді.
Тағы да, облыс аумағындағы жиырма шақты ауылда су тартқыштар құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүргізудің жобасы әзірленеді. Мәселен, Денисов ауданындағы Алчанов және Антонов ауылдары, Федоров ауданының Федоров ауылын, Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылын газбен қамту көзделген.
Маржан АЛПЫС