Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (OLD) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тұрғындар үніне құлақ асқан

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қарсаңында партиялық съездер өтіп жатыр. Съездерде әр партия сайлауалды бағдарламасын жариялап, депутаттыққа үміткер кандидаттардың тізімін ұсынады.

Биылғы жылдың 18 желтоқсан күні қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Дандыбаева Гүлфия Төлегенқызы «Есіктен есікке» акциясы аясында  тұрғындармен кездесті. Үміткер облыс орталығындағы «Юбилейный» шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Сайлау алдындағы бағдарламасын түсіндіре отырып, Гүлфия Төлегенқызы 10.01.2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға «Nur Otan» партияларын өз дауыстарымен қолдауға шақырды. Юбилейный шағын ауданының тұрғындары партия туралы ризашылықпен айтып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтарға көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс білдірді.

Бұл партия 1999 жылы «Отан» партиясы болып құрылды. Қазіргі таңда партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев, ал оның бірінші орынбасары Бауыржан Байбек. Қазан айында «Нұр-Отан» партиясы партияішілік Праймериз өткізгені белгілі. Бұл Қазақстанда бұрын-соңды болмаған Мәжіліс пен Мәлихатқа кандидаттарды халық арасынан таңдау мүмкіндігі еді. Праймериздің өзі бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде праймеризге 10 мыңнан астам кандидат қатысты. Ал 1-4 қазан аралығындағы республикалық онлайн-дауыс беруге 662 мың адам немесе барша нұротандықтардың 84%-і қатысты. Праймериздің екінші кезеңі аясында аудандық және қалалық конференцияларда электронды дауыс беруге 4,5 мыңнан астам бастауыш партия ұйымдарының атынан 10 мыңнан аса делегат-сайлаушы қатысты.

            Барлық конференция мен пікірсайыстар әлеуметтік желілерде онлайн режимде көрсетілді. Бұл сайлау барысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етті. Сөйтіп, «Нұр Отанның» халықтық тізімі жасалды.

            Талдау көрсеткендей, әйелдердің үлес саны 22-ден 34%-ке дейін, жастар – 3,5 есе, 7-ден 24%-ке дейін артты. Қазіргі қызмет етіп отырған мәслихаттардың құрамымен салыстырғанда орташа жасы 7 жасқа – 51-ден 44-ке дейін жасарды. Партиялық тізімдердің 24%-ін қызметтегі депутаттар құрайды, ал 76%-і – жаңа тұлғалар. Бұл қоғамның жаңаруға деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар партия қатарына 42 мыңнан астам жаңа мүше қосылды. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір 3-шісі «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енді.

            Партиялық конференцияларда аудандық және қалалық сайлауалды бағдарламалар бекітілді.

            Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында бағдарламаның барлық жобалары праймериз кезінде тұрғындармен жан-жақты талқыланды. Азаматтардан түскен 17 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертулердің 80%-тен астамы қабылданған өңірлік бағдарламаларда ескерілді.

            Пікірсайыстардың қорытындысы бойынша 723 жеңімпаз анықталды, олар 14 облыстың партиялық тізімдеріне енеді. Олардың ішінен 236 адам келесі аптада «Nur Otan»-ның Мәжіліске арналған партиялық тізіміне қосылу үшін облыстық пікірсайыстарға қатысып жатыр.

Үміткердің кездесуі санитарлық эпидемиологиялық қадағалау талаптары ескеріле отырып өткізілді. Сондай-ақ, қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалары үшін партияға алғыстарын білдірді. «Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сайлау алдындағы үгіт іс-шараларының заңдылығы мен регламентінің сақталуына мониторинг жүргізді.

Мақала ақысы «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабымен төленген.