Тәуелсіздік таңы атқалы тіл туралы толғанып, ой білдіргендер қатары көбейді. Күнделікті өзекті мәселеге айналып, кей кездері бұл тақырып жауыр да болды. Тіл туралы афоризмдер, өлең жолдары, ұлы ойшылдардың пікірлері мен айтқан сөздері де жетерлік.
Елбасы Н.Назарбаев мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру ұсынысын білдіргеннен кейін қоғамда қызу пікірталас жүргені жасырын емес. Біздің қалада да латын қарпіне көшу жайлы түрлі пікірлер айтылып, біраз кездесулер өткен болатын. Қала жұртшылығын ғалымдар мен тіл мамандары ұсынған латын қарпіндегі әліпби үлгілерімен таныстыру, тілдерді дамыту мен қолдану аясын кеңейту мақсатында түрлі іс-шаралар мен кездесулер ұйымдастырғанын да атап өткен жөн .
Республикалық басылымдарға берген сұхбатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатындағы жұмыстардың жалғасын табатынын айтты. «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыс-тыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады. Осы тұрғыда, балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет», — деген болатын мемлекет басшысы.
«Кез келген ұлттың әліпби таңдауы тек жазу үлгісін таңдау емес. Бүгінде Қазақстан халқы да замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отыр. Көрші мемлекеттердің көпшілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 пайызы латын графикасында жарық көреді. Ал ақпаратқакімиелікетсе, ғылым мен технологияға да солиеболады. Қазақтілініңлатынәліпбиінекөшуі – руханижаңғырудыңеңшешушікезеңдерініңбірі. Бұлқоғамдық ой мен санағатүпкіліктіөзгерісжасайтынқадам…Латынәліпбиінекөшукезең-кезеңіменжалғасабереді… Біраққоғамдықпікір, әліпбидіқолданубарысын-дағыартықшылықтар мен олқылықтарескеріледі», — деп ел Президенті бір сөзінде латын әліпбиіне көшу жайлы ой қозғады. Сонымен қатар бұл үрдісті науқаншылыққа айналдырмай, «жеті рет өлшеп, бір рет кес» қағидасын ұстанып, ел бірлігіне алауыздық түсірмейтіндей жұмыс жасаған абзалырақ. Қазіргі таңдағы күрделі уақытта, әлем және қазақ елі індеттен құтылып, қалыпты жағдайда мемлекеттік тіл мәртебесі асқақтайтынына сеніміміз мол. Дамыған технология мен мол ақпарат ағымының заманында латын қарпіне көшкен қазақ тілі байлығын жоғалтпай, қарыштап дамитын күнге де жетерміз.
РАУШАН ИСИМБАЕВА, Қостанай қаласы, №4 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі