Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңір басшысы Арқалыққа барды

13 января 2021 14:30 • 1 050 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды. Аймақ басшысы бұл туралы «Инстаграм» желісндегі жеке парақшасында жазды.

Архимед Бегежанұлы алдымен Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру барысын тексерді. Бұған дейін хабарланғандай, келесі жылыту маусымынан бастап қаланың жылу-энергетика орталығы қатты отынға көшеді. Осылайша орталықтың экономикалық тиімділігі 105 Гкал-ға артпақ.

«Арқалық  тұрғындарының туған қаласын дамытуға бағытталған бастамаларын жеке атап өткім келеді. Осылайша, ТБТҚ бұрынғы қызметкері В.Б. Суровцев ТБТҚ-ның бұрынғы өндірістік алаңдары базасында құрған «ARQALYQREMSERVIC» ЖШС-нің жаңа кәсіпорнына бардым. «ARQALYQREMSERVIC» ЖШС негізгі бағыты экскаваторларға, жүк теміржол вагондарына және ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектерді дайындау, жөндеу және қалпына келтіру болып табылады. Қазіргі уақытта кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді, оның базасында 59 адам жұмыспен қамтамасыз етілген, тағы 27 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда», — деп жазады облыс әкімі.

Ол ТБТҚ өнеркәсіптік аймағын аралауды жалғастыра отырып, қосалқы көлік пен жүк көтергіш жабдықтарды, сондай-ақ жөндеу-энергетикалық жабдықтарды пайдалану учаскелерінің қызметімен танысып шыққан.

Жұмыс сапарының шарықтау шегінде А.Мұхамбетов қала активімен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады және «Қостанайюжэлектросервис» КМК өкілдерімен кездесті. Жеке қабылдауда қала тұрғындары жол құрылысы, ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ балабақшалардағы орындар мәселелері бойынша өтініш білдірді. Активпен кездесу барысында Арқалық қаласы әкімі 2020 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған даму перспективалары туралы баяндады.

Ал іссапар соңында аймақ басшысы «Агроинтерптица» ЖШС құс фабрикасын қайта іске қосуға қатысты.»2020 жылдың қыркүйегінде кәсіпорын құс тұмауынан айтарлықтай зардап шекті.

«Қазіргі уақытта кәсіпорынның жұмысы қалпына келтірілді, 310 мыңнан астам балапан сатып алынды және кәсіпорын өз жұмысын жалғастырады. Маңызды мәселе – тоқтап қалу кезінде негізінен жұмыс орындары сақталды. Кәсіпорынның басшылығына және барлық қызметкерлеріне инвестициялық жобаның қызметін қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыс үшін алғысымды білдіргім келеді және алдағы уақытта сіздерге табыстар мен мақсаттарға қол жеткізуді тілеймін», — деді облыс әкімі.