Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жел стансасы салынып жатыр

13 января 2021 16:20 • 1 943 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Қостанай ауданында салынып жатқан «Ыбырай» жел электр стансасының құрылысымен танысты, деп баспасөз қызметі.

«Қостанай ауданында қуаттылығы 50 МВт болатын «Ыбырай» жел электр стансасының құрылысын тексердім. Бұл нысан жеке инвестиция есебінен салынып жатыр. Жобамен әрқайсысының қуаты 3,2 МВт 16 жел мачтасын салу көзделеді. Бүгінгі таңда 7 мачта орнатылды, сондай-ақ әкімшілік-тұрмыстық кешеннің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2 қаңтардан бастап 12 адам тартылған әкімшілік-тұрмыстық кешенде әрлеу жұмыстары қайта жанданды», деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.

Нысанды пайдалануға беру 2021 жылдың шілдесіне жоспарланған. Облыс әкімі жоспарланған барлық жұмысты уақытылы және сапалы аяқтауды тапсырды.