Биыл Қостанай облысында тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңес отырысында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.
Бұл жайында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында ресми мәлімет таратты.
«Бүгін Қостанай облысында тұрғын үй саясатын іске асыру барысы туралы кеңес өткіздім. 2021 жылы тұрғын үйді іске қосу көрсеткішін 10% арттыру міндеті тұр, бұл дегеніміз — 417,2 мың шаршы метр. Облыстың тұрғын үй саясатын іске асыруға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінді» деп жазды Архимед Мұхамбетов.
Оның айтуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 93,5 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде көпқабатты тұрғын үй – 64,7 мың шаршы метр. Кеңес барысында Қостанай, Рудный қалаларының және Қостанай ауданының әкімдері биылға арналған тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарын баяндады.
«Жиын қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысының қарқынын төмендетпеуді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу бойынша жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ барлық жоспарланған нысандарды сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырдым» дейді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Архимед Мұхамбетов тиісті басқарма басшылары мен аудан-қала әкімдеріне 2021 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішін 10%-ға арттыру міндетін қойды. 2020 жылмен салыстырғанда биыл 417,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынады.
«Осы жылдың бірінші тоқсанында 93,5 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер үлесі – 64,7 мың шаршы метр», — деді өңір басшысы.
Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінген. Осы қаражаттың 10,1 млрд теңгесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға жұмсалса, 7,1 млрд теңге 33 несиелік үй құрылысына бағытталып отыр. 2,3 млрд теңге халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал саналатын санаты үшін жалдамалы пәтер жобаларын жүзеге асыруға бағытталмақ. Ал көпбалалы отбасыларға 72 пәтер сатып алуға 900 млн теңге қарастырылды. Архимед Мұхамбетов Қостанай, Рудный қалалары және Қостанай ауданы әкімдерінің баяндамасын тыңдалды.
Сондай-ақ «Отбасы банк» филиалының өкілі де облыс аумағында несиелік тұрғын үй сату мәселесі бойынша мәлімет берді. Жиын қорытындысында облыс әкімі тұрғын үй құрылысының қарқынын төмендетпеуді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу тұрғысындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Бұған қоса құрылысы былтыр басталған нысандарды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды жүктеді.