Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ұстаз болу- жүректің батырлығы

25 января 2021 11:05 • 1 070 просмотров

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп айтылғандай, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, жыршы ақындар да бәрі – бәрі ұстаздан білім алған.

Мағжан Жұмабаев: « Алты Алаш баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп айтқандай, ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен қарайды. Мектептің басты жүрегі —  мұғалім. Баланың мектеп қабырғасынан білім мен тәрбие алып шығуы мұғалімнің еңбегі. Тек өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, баланың қабілетін, талантын ашу, шығармашылық тұлғаға тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті.

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін осы мамандықты бала күнімнен армандайтынмын. Көрші-қолаң, туған-туыс балаларын жинап алып,  мұғалім болатынмын. Жастық шақтағы арманым алға қойған мақсаттарымның бастауы болды. Бүгінде сол арманым-қазіргі мамандығым. Мен – ағылшын тілі пәні мұғалімімін. Мен үшін оқушыларға ағылшын тілін үйрету – қиын да қызықты жұмыстың бірі. Ағылшын тілі пәнін көптеген жастар ұнатады. Бұл пәннің өз ерекше сырлары мен қызықты сәттері бар.

Ағылшын тілі пәніндегі басты міндетімнің бірі ретінде – еліміздің басқа мемлекеттермен қарым қатынасы артып отырған ағылшын тілін меңгеруін келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару. Ал ағылшын тілі пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас алуы, негізін меңгеру болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативтік даму біліктілігін, оқушының қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік алады.

Шет тілін үйрету-қиын да қызықты жұмыс. Оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді жиі қолданып, оқу процесін ақылдылықпен ұйымдастыра білуді талап етеді. Мысалы, ағылшын тілі пәні бірінші сыныптан бастап оқытыла бастады. Енді ғана мектеп табалдырығынан аттап, әліпбимен танысып жатқан балалардың шет тіліне деген ынтасын арттыру, қызығушылығын ояту оңай жұмыс емес.

Дегенмен, жұмыс жасау барысында былдырлап шет тілінде сөйлеп, сөздік қорлары күннен күнге жеткілікті түрде дамып жатқанына қуанып, марқайып қалатынымыз рас. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: « Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады»,-дейді. Сол себепті әр оқушымның жүрегінен «Ұлы мұғалім» болып орын алу басты міндетім!

Менің мамандығым қазіргі замандағы ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан етемін.

Жанат Бейсенова, Ә.Боранбаев атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі.