«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы ауылды жерлерде шағын кәсіпкерлікті өркендетуге кеңінен жол ашты. Шағын несиелендіру жолымен өз істерін ашу немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды, халықтың әл-ауқатын арттыруды, олардың инфрақұрылымдарын дамыту мен жақсартуды және кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды көздейді. Мұнда негізгі басымдық ауылдық жерлерде жеке өз ісін ұйымдастыруға ниет білдірушілерге беріледі.
Бұл бағдарламаның ерекшелігі-ауыл кәсіпкерлері, тіпті өз ісін жүргізуде тәжірибесі жоқ адамдар да өздерін кәсіпкер ретінде сынап көре алады. Осы бағдарлама шеңберінде Жітіқара ауданының Забелов ауылының тұрғыны, көп балалы ана Роза Жүнісова жеке кәсібін ашқан.
–Мен 1987 Ақмола облысының Астрахан ауданында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта өз отбасыммен бірге Жітіқара ауданының Забелов ауылында тұрамын. Біздің ауылға Жітіқара ауданының жұмыспен қамту орталығының мамандары бірнеше рет келіп, ауыл тұрғындарына «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы туралы айтып берді. Бағдарлама туралы білген соң, жолдасым Серік екеуіміз бірден мал шаруашылығымен айналысамыз деп шештік. Жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде бірінші кезекте бағдарламаға қатысу мүмкіндігі бойынша толық кеңес алдым. Кейіннен мен өз ісімді ашуға микрокредит алуға өтінім бердім. Сөйтіп, 2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан мал шаруашылығын дамытуға 1 500 000 теңге сомасында несие алып, 4 бас ірі қара мал сатып алдым. Өзіміздің сүт, сүзбе, қаймақ, майымыз болды. Бұл біздің отбасымыз үшін әсіресе көп балалы болғандықтан үлкен көмек болды. Және сүт өнімдерінің бір бөлігін сата бастадым. Маған алғаш қаражат берген кезде-бұл мен үшін үлкен істі бастауға түрткі болды, — дейді Роза Мұратқызы.
Жолдасы Серік екеуінің еңбекқорлығы мен зор еңбектерінің арқасында бүгінде шаруашылықта 50-ден астам қой, 6 жылқы, 47 бас аналық ірі қара мал және 1 асыл тұқымды бұқа бар.
–Біз селекциялық-асыл тұқымдық жұмысқа тұқымдық түрлендіруге қатысамыз. Біз өз күшімізбен жем дайындаймыз. Былтыр несиені толығымен өтедім және тағы да халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген болатынмын. Онда маған мамандар «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көп балалы отбасылар үшін бизнесті 4% — бен кәсіпті кеңейтуге қатысу мүмкіндігі туралы айтып берді. Және құжаттардың толық пакетін жинауға көмектесті және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» кәсіпті кеңейтуге өтініш беріп, 4 050 000 теңге сомасында несие алып, шөп шабу үшін ауыл шаруашылығы жабдығын сатып алдық. Бұл өзіміздің шаруашылықты шөппен қамтамасыз етуге және халыққа сату үшін шөптің көп мөлшерде шабылуына үлкен мүмкіндік бермек. Мен «Еңбек» бағдарламасына қатысуға берілген қолдау мен мүмкіндік үшін ризамын. Елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы адамдарға өз кәсібін дамытуға көмектесетіні қуантады. Осындай бағдарламалар ауылда кәсіпкерлікті дамытуға кең өріс ашып отыр, – дейді кәсіпкер.