Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Талаптар босаңси түсті

12 февраля 2021 16:00 • 1 404 просмотров

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 4 ақпандағы карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен босаңсыту туралы қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

            Атап айтқанда: — контингенті 300 балаға дейінгі, сыныптардағы оқушылар саны 15-тен аспайтын қала және ауыл мектептеріне дәстүрлі форматта оқытуды жалғастыруға;

— 9, 11 (12) сыныптарда аралас негізде, яғни пәндердің 70 пайызын штаттық режимде, 30 пайызын қашықтан оқытуға;

— білім беру мекемесінің әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақыттарда 5 адамнан аспайтын топ құрып, оқушыларды жеке оқытуға;

— колледждер мен ЖОО 1-курс студенттерін 2-семестрден бастап штаттық режимде оқытуға;

— білім беру мекемелеріндегі қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Аталмыш жеңілдіктер ертең, 10 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.