Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өнерді ерте жастан меңгеріп…

14 февраля 2021 13:30 • 1 168 просмотров

Қаламыздағы №13 бөбекжай-бақшасында ортаңғы «Айналайын» тобының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында «Шалқан», «Үйшік», «Үш аю», «Қызыл телпек», «Қолғап», «Бауырсақ» ертегілер әлемінің апталығына саяхаттап, өз сүйікті ертегілерін сомдады. Кішкентай өнерпаздарымыз кейіпкерлердің рөліне еніп, дауыс ырғағын, іс-қимылын барынша шынайы ойнады.

Ұйымдастырылып отырған бұл апталық мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту мақсатында жүзеге асырылды. Ана тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.

Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту. Бүлдіршіндерімізді  адамгершілікке баулу, қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.

-Бала құлақпен естігеннен гөрі, көзбен көргенде тезірек меңгереді, мазмұнын тез түсінеді. Сол ертегінің кейіпкері болуға қызығып, рөлді дұрыс сомдауға тырысады. Сондықтан, ертегіні оқытуға ерекше көңіл бөліп, әрбір ертегіні оқыту алдында дайындық жұмыстарын жүргізіп отырамын. Ертегімен таныстырмас бұрын, балаларға ертегі айтып беретінімді, ертегі деп не себептен аталатынын түсіндіремін,-дейді тәрбиешілер.

Міне, осы апталықтың нәтижиесінде көп күндік ертегілер тыңдау мен кейіпкерлерін жіті тануға арналды депте айта аламын. «Айналайын» тобының бүлдіршіндері өздеріне ұсынған рөлдерін, театр сахнасында жүрген керемет әртістер секілді ойнап, тан-тамаша қылды. Сахнада ойнау арқылы өзінің шығармашылық қабілеттін, жауапкершілікті сезіну, өздеріне ұсынылған рольге беріліп жауапкершілік сезімінде сезіне білді. Бір ғана бағыт, тетр қойылы балагың бойына қаншама қуаныш, қаншама оң нәтижиелін береді. Сондықтан өз бүлдіршіндерімнің мұндай қуанышты жүзін көрген тәрбиеші үшін зор бақыт.

Әсел Қозбақова, Қостанай қаласы №13 бөбекжай-бақшасы тәрбиешісі