Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Шектеу шаралары жеңілдетілді

18 февраля 2021 10:00 • 709 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов короновирусқа қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиын барысында полиция департаментінің бастығы, Әулиекөл мен Меңдіқара аудандарының әкімдері өңірдің эпидемиялық жағдайы туралы есеп берді. Сонымен қатар мониторингтік топтардың жұмысы қарастырылды.

Архимед Мұхамбетов келіп түскен ұсыныстарға орай штабқа 2021 жылғы 15 ақпаннан бастап карантин режимін жеңілдетуді ұсынды. Өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігерінің шешімімен бірқатар жеңілдіктер енгізілді:

1. Аптаның барлық күндерінде шаштараздар, сұлулық салондары, маникюр, педикюр, косметологтың жұмысына рұқсат ету;

2. Жексенбіден басқа күндері СОО, супермаркеттер, гипермаркеттер, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлікке жатпайтын тауарлар сататын дүкендерге сағат 10-нан 23-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді;

3. Қоғамдық тамақтану нысандары қызмет көрсету мүмкіндігінің 50%-ын пайдаланып, аптаның барлық күндері сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істей алады. Бірақ орындықтар саны 30-дан аспауы керек;

4. Қалалық қоғамдық көліктер аптаның барлық күндері жұмыс істейді;

5. Аптаның барлық күндері сағат 7-ден 22-ге дейін жабық спорттық-сауықтыру және фитнес орталықтарына қызмет көрсету мүмкіндігінің 30%-ын пайдалана отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;

6. Мәдениет нысандарында 30 адамға дейінгі ұжымдардың дайындық жұмыстарын жүргізуіне рұқсат етіледі;

7. Театрлардың, кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бірақ бұл нысандар көрермен қабылдау мүмкіндігінің 20%-ын ғана пайдалана алады. Яғни, бір қойылымға 100 адам қабылдай алатын театрларға 20 адам ғана кіре алады;

8. Фудкордтар үшін тағамды беріп жіберуге немесе жеткізіп беруге ғана рұқсат етіледі.

Араға екі күн салып Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Е. Дәулетбаев карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулы қабылдады.

Жаңа қаулыға сәйкес, бүгін сағат 00:00-ден бастап қоғамдық көліктердің қозғалысына рұқсат берілді. Бұл ретте автобустар соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде өңделуі керек, сондай-ақ, жолаушыларды қоғамдық көлікке маскасыз кіргізілмейді.

Карантин шаралары жеңілдетілгенімен, ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, қорқор, компьютер клубы, түнгі клуб, боулинг орталығы, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батут және басқаларф), банкет залдарының, букмекер кеңселерінің қызметі уақытша тоқтатылады. Ал фудкорттар тек «алып кету және жеткізу» қағидатымен жұмыс істейді.

Санитария дәрігерінің бұған дейінгі қаулысына мынадай өзгерістер енді:

1) кинотеатрлардың, театрлардың (отырғызу орындары санының 20%-нан аспайтын) жұмыс істеуіне рұқсат беру, бұл ретте көрермендерді орындарға «шахмат» тәртібімен орналастыру; күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтау, акцияларды өткізбеу;

2) мәдениет объектілеріне келушілер 30-дан аспайды жеке және топтық дайындықтар өткізуге рұқсат етілсін;

3) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, оның ішінде қала сыртындағы жол бойындағы сервистің қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру (толтырылуы 50% — дан аспайды және бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда), 1 үстелде 4 адамнан артық отырмайды, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр, сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленеді;

4) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік емес дүкендердегі сауда, ойын-сауық орталықтарының қызметіне рұқсат беру;

5) ауданы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес сауда объектілерінің, оның ішінде азық – түлік дүкендерін, дәріханаларды, олардағы кинотеатрларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы жексенбі күні тоқтатыла тұрсын;

6) косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін шаштараздар, сұлулық салондары, орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр қызметтері, массаж салондары, солярийлер қызметіне алдын ала жазылу бойынша рұқсат беру;

7) жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып, жабық спорт объектілерінің (спорт кешені, спорт мектебі, спорт клубы, жаттығу залы, фитнес орталығы, спорт — сауықтыру орталығы және басқалар) жұмысына рұқсат беру.