Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Темір жол қызметі жанданады

24 февраля 2021 14:28 • 797 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Аймақ басшысы бұл туралы «Инстаграм» желісіндегі парақшасында жазды.

Отырыс барысында мониторинг топтарының жұмысы қаралды.

«Мониторин топтары 2021 жылғы 1 қаңтардан 17 ақпанға дейін 2949 рейдтік іс-шара өткізді, 323 карантиндік шараларды бұзу деректері анықталды. Бұдан басқа, барлық енгізілген ұсыныстарды қарап, штаб коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға 2021 жылғы 1 наурыздан бастап «Қостанай-Алматы», «Қостанай-Қарағанды» пойыздарының Қостанай облысы бойынша күн сайын жүруін және жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін барлық теміржол станцияларын ашуды жаңарту бойынша мәселені шығару шешімін қолдады», — деп жазды облыс әкімі.

Ол медицина қызметкерлерін вакцинациялау жалғасып жатқанын еске сала кетті. Сондай-ақ, отырыс қорытындысында мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді тапсырды.