Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт

28 февраля 2021 10:50 • 1 373 просмотров

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Мен қазақстандықтарға, әсіресе жастарға тағы да айтамын: кітап оқыңыздар! Бүгінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді» — дейді.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, Әнуар Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапхана қорын әр саладағы көркем әдебиеттермен толықтыру, жас оқырмандарға қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатымен аталмыш мектептің 6-сынып оқушылары мен ата-аналары Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай бірнеше кітапты сыйға тартты.

Бұрынғы заманнан қазіргі уақытқа дейін кітап – адам жаратқан ең ұлы зат. Кітапхана үшін ең жақсы сыйлық – кітаптар.   Сыйға тарту игі іске жатады, кітапты сыйлаған адамдар олардың кітаптары өз оқырманын табады дегенге сеніммен қарайды. Себебі кітаптар мәңгі өмір сүреді.

Оқушылар ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің шығармалары жазылған бірнеше кітапты сыйлап, мектептегі кітап қорының өсуіне өз үлестерін қосыт. Оқушылар мен ата-аналарларға кітапхананың мектеп қорынан мәліметтер беріліп, жеке сұхбаттасулар жүргізілді.

Аталған сыныптың сынып жетекшісі Жанат Серікқызы біздің ортақ мақсатымыз – кітап оқитын ұлтты қайта қалпына келтіру, еркін ерікті, мейірімді және ақылды ұрпақ тәрбиелеу екендігін белгілеп айтты. Кітапханада кітапханаға сыйланған кітаптарды қарап шығуға арналған көрме ұйымдастырылған. Ондағы мақсат: кітап оқуға тарту және белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру, патриоттыққа тәрбиелеу және әлеуметте әлеуметтік әріптестікті кеңейту. Белсенді шараға қатысып, жақсы дәстүрдің жалғастырушысы болуға, пайдалы іске қатысуға, туған ауылын жақсартуға асығайық!

Айгүл Сейдилдина, Аманкелді ауданы
Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің кітапханашысы