Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Шетел сұранысына ие

4 марта 2021 15:30 • 966 просмотров

Биыл облыста ұн экспорты 800 мың тоннаға жетеді. Шетелдік нарыққа шығатын өнімнің отыз проценті «Salamat» диірмен кешеніне тиесілі. Кәсіпорын өндіріс қуаты жөнінен елімізде бірегей саналады.

Өнім тек сыртқы нарыққа бағытталады.Ұн өндірушілердің шетелмен әріптестігін нығайтуда сауда және интеграция министрлігі, «Бәйтерек» холдингі мен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы қолдау көрсетіп отыр. Бұл кешен үзіліссіз жұмыс істейді. Тәулік сайын 1800 тонна ұн тартады.

Өңделген астықтың кезекті легі Ауғанстанға жол тартпақ. Компания үшін бұл Орталық Азиядағы жалғыз шетелдік әріптес емес.

«Біздің өнім Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты мемлекеттерде бұрыннан танымал. Ресейліктермен де келісім-шартымыз бар. Клиенттік базаны нығайтуда «KazakhExport»-тің жасап жатқан көмегі зор. Отандық тауар шетел нарығында жоғары сұранысқа ие. Экспортталатын өнімнің басым бөлігі бірінші сұрыпты ұн. Межеленген өнімге қол жеткізу үшін компания былтыр «Сбербанктің» қолдауымен өндіріс қуатын арттырған. Сыйымдылығы 1200 тонна болатын кешен салдық. Ол Орталық Азия және Қазақстанда теңдессіз саналады. Сөйтіп өндіріс қуатын 10 есеге ұлғайттық. Біздегі жоғары технологиялы жабдықтар бидайды жуып, тазалап, үгеді»,-дейді  «Salamat» диірмен кешені директорының орынбасары Эрзат Құрбанов.

Мұнда сапаға ерекше мән берілген. Кәсіпорынның алар асуы әлі алда. Болашақта шетелдік әріптестік аясын кеңейтіп, Қытай нарығында мықтап орнығу жоспары бар.