Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанайда оқу-жаттығу шарасы өтті

11 марта 2021 12:24 • 793 просмотров

Қостанайда 4-5 наурыз аралығында «Көктем-2021» атты республикалық оқу-жаттығу өтті. Шараның басты мақсаты – азаматтық қорғаныс жүйесі күштері мен техникалық құралдарының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығын пысықтау.

Оқу-жаттығу барысында облыстағы құтқару қызметтерінің, қала-аудан әкімдіктерінің алдағы су тасқынына дайындығы тексерілді. Өңірде екі күн ішінде жалпы саны   20 тактикалық арнайы оқу-жаттығу шарасы өткізілді. Сондай-ақ, арықтарды, су өткелдерін, құбырларды тазалау, елді мекендер аумағынан қар шығару жұмыстары жүргізілді. ТЖД мәліметінше, облыста жыл басынан бері барлығы 600 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Облыста су тасқыны кезеңіне 162 тонна ЖЖМ, 9 мың тоннадан астам инертті материал, 53 мың қап дайындалып, төтенше-жағдайда қалған елді мекендерге азық-түлік жеткізу жөнінде ниет-шарттар жасалды. Қажет болған жағдайда эвакуацияланған тұрғындар орналасатын жайлар, үй жануарларын айдап апаратын орындар анықталды.

Аймақта көктемгі су тасқынына қарсы күрес шараларын жүзеге асыратын 1085 техникасы, 116 қайығы, 365 су сорғысы, 269 мотопомпасы бар жалпы саны 2 960 адамнан тұратын арнайы топ жасақталды.

Алдағы уақытта облыстың 7 ауданындағы су айдындарында мұз жару жұмыстарын жүргізу жоспарланған. ТЖД мамандары күн сайын ғарыштық түсірілімдерге мониторинг жүргізіп отырады.