Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жүк көліктерін әйелдер жүргізеді

11 марта 2021 10:00 • 824 просмотров

Қостанай облысында доңғалағы кісі бойынан асатын кеніш жүк көліктерін жүргізетін әйелдер бригадасы жасақталды. 

Жүрегі нәзік, білегі мығым тоғыз келіншек таяуда «Профи» оқу орталығындағы 3 айлық қысқамерзімді курста кен таситын көліктің қыр-сырын меңгеріп, арнайы мамандық алып шықты. Біліктілік емтиханын сәтті тапсырған олар бірден кен орнына аттанған. Жүргізуші әйелдер бригадасы қазір Жітіқарадағы «Комаров» тау-кен кәсіпорнында кен тасып жүр.

​«Президент өз Жолдауында кәсіби білім беруді реформалау және экономиканың барлық салалары үшін маман даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Біз кәсіби білім берудің дуальды жүйесі негізінде курстардың басым бөлігін оқу ғимаратында емес, кәсіпорындарда, өндіріс басында жүргізіп жатырмыз.  Яғни білім алушылар уақытының 60-70 пайызын өндірісте өткізеді.  Біздің сенімді серіктестеріміздің бірі – «Комаров тау-кен кәсіпорны» серіктестігі. Былтыр аталмыш әсіпорынмен карьерге  автожүктүсіргішжүргізушілерін даярлау туралы келісімшартқа қол қойдық. Бір қызығы, білім алушылардың бәрі де – қыздар. Таяуда оқуларын тәмамдап, кеніштегі жұмыстарына кетті. Олармен әлі де хабарласып тұрамыз, жүргізуші қыздар серіктестік басшылығының да көңілінен шықты» деді «Профи» оқу орталығының директоры Андрей Бабич.

​3 жылдан бері «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан жұмыс істеп келе жатқан аталмыш оқу орталығы өңірдегі 35 білім мекемесімен бірге «Еңбек» бағдарламасына қатысады.