Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жолшы ару

14 марта 2021 16:46 • 614 просмотров

Құрылыс саласы дегенде көз алдыңа ең бірінші келетіні – үлкен-үлкен техникалар мен еңбекші ерлер. Бірақ осы салада табысты жұмыс істеп жатқан әйелдер де аз емес.

Мысалы, Наталья Якуба туралы айтсақ болады. Ол Қостанай облысы бойынша Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығында сынақ зертханасының меңгерушісі болып еңбек етіп жүр. Аталмыш орталық жолдарды диагностикалаумен және тексерумен, жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптаумен айналысады. Наталья Владимировна бұл салада 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.

– Бұл салаға мен кездейсоқ келдім. Автомобиль көлігі колледжіне түсер кезде ЭЕМ операторы мамандығын таңдағаннан гөрі, туыстарым автомобиль жолдары құрылысын таңдауға көндірді. Бірақ бұл қадамыма өкінген емеспін. Әр жұмыс күні қызыққа толы: жаңа ақпараттар естисің, өзіңді дамытасың. Жол – кең байтақ республикамыздың күретамыры. Бұл салада мен өзімді қажетті және елімізге үлкен пайда әкелетінімді сезінемін», — дейді Наталья Якуба.

Ол еңбекқор әрі тындырымды. Ұжымда сол қасиеттерімен беделге ие болды. Өз ісінің нағыз маманы. Қызметі елеусіз емес. «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен, ҚР ИИДМ министрінің алғыс хаттарымен, ал биыл ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды. Жолшы – барлық уақытта қажет мамандық. Бұл – жанқиярлық еңбек, білімге деген ұмтылыс. Сондықтан Қостанай облысы бойынша жол активтері сапасының ұлттық орталығы жастарды қажетті және бәсекеге қабілетті қызмет саласын таңдауға шақырады.