Қостанайлықтар Республикалық қысқы гимназияның чемпиондары атанды. Х қысқы гимназия аясында оқушылар арасындағы жарыс 24 ақпан мен 12 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан мен Петропавл қалаларында өтті.
Қостанай облысының спортшылары 5 спорт түрінен бақ сынады. Атап айтқанда: қысқы президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты және шайбалы хоккей. Шаңғы жарысында Қостанай құрама командасы Павлодар мен Ақмола облысының командаларына есе жіберіп, 3 орынға (95 ұпай – ұлдар, 87 ұпай – қыздар) ие болды. Бірақ қыздар арасындағы шорт-тректе 1-орын Қостанайды жалпыкомандалық есепте алтынға жеткізді. Екінші орында – Солтүстік Қазақстан облысы, үшінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы.
–Бүгін салтанатты күн, біз екінші рет осындай ауқымды республикалық жарыстың чемпионы болып отырмыз. Алғаш рет 2019 жылы қысқы гимназияда жеңіске жеткен едік, — деп атап өтті дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмі өңірлік орталығының директоры Қуаныш Бимурзин.
Спортшылар медальдармен, грамоталармен және командалық кубоктармен марапатталды.