Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Дала жұмыстарына дайындық пысықталды

1 апреля 2021 11:07 • 746 просмотров

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Шаруалардың егіс науқанына дайын­дығы туралы Ауыл шаруашылығы ми­нистрі Сапархан Омаров, жанар-жағар­май материалдарымен қамтамасыз етілуі туралы Энергетика министрі Нұр­лан Ноғаев, өңірлердегі ахуал тура­лы Түркістан облысының әкімі Өмір­зақ Шөкеев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Солтүстік Қазақ­стан облысының әкімі Құмар Ақса­қалов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.

Форвардтық сатып алу тізбесі 9 дақылға дейін кеңейтілді

Ауыл шаруашылығы ми­нистрі С.Омаровтың айтуын­ша, ми­нистрлік Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмаларын орын­дау мақсатында егіс алаң­дарын әр­тараптандыру және рен­табель­ділігі жоғары дақылдарды өндіруге көшу жұмысын жалғастырып жатыр. Мәселен, 2021 жылы ауыл ша­руашылығы дақыл­дарын 22,8 млн гектарға егу жос­пар­ланған. Бұл 2020 жылға қарағанда 0,8%-ға көп. Оның ішінде дәнді және дән­ді-бұршақты дақылдарды 15,8 млн гектар алқапқа егу жоспарлануда.

Майлы дақылдардың болжамды алаңы – 3 млн гектар.  Бұл өткен жылғы деңгейден 63 мың гектар­ға көп. Азықтық дақылдар 3,4 млн гектарды құрайды. Көкөніс-бақ­ша дақылдарының алаңы өткен жыл­ғы­дан 16 мың гектарға асып, 280 мың гектарды құрайды.

«Биыл 10 наурызда облыс­тар әкімдік­тері мен қаржы инс­ти­­­тут­тарының қаты­суы­мен көк­темгі дала жұмыстарын жүр­гізу­ге дайындық мәселесі жөнінде ке­ңес өткізілді. Онда жергілікті ат­қару­шы орган­дардың әлеуметтік маңы­зы бар дақыл­дар алаңдарын ұлғай­ту мәселесіне жіті көңіл бөл­мей отыр­ғаны атап өтілді. Кеңес қоры­­тын­дысы бойынша облыстық әкім­­дік­терге қарақұмық, картоп алаң­­дарын ұлғайту қажеттігі тура­лы хат­тар жіберілді. Мәсе­лен, жер­гілікті атқарушы орган­дар­ға қара­құмық­тың бұрын жоспар­ланған ала­ңын 89 мың гектардың орнына 103 мың гектарға дейін, картопты 197 мың гектар орнына 209 мың гектар­ға дейін ұлғайту ұсынылды» деді С.Омаров.

Биыл 29 наурыздағы жағдай бо­йынша Алматы, Жамбыл, Қызыл­орда және Түркістан облыс­тарында ауыл шаруа­шылығы да­қыл­дары егіліп жатыр. Атап айт­қанда, 67,7 мың гектарға жаз­дық ма­сақты дәнді дақылдар, 6,5 мың гек­тарға картоп; 10,3 мың гек­тарға көкөніс дақылдары, 18,7 мың гектарға көпжылдық шөптер егілді. Облыстар әкімдіктерінің ақ­параты бойынша, бүгінгі күні 2,4 млн тонна тұқым себілген, бұл жоспардың 100,2%-ын құрайды.

2021 жылы тұқым шаруашы­лы­­ғын қолдауға 11,8 млрд теңге бөлін­ді, бұл минералды тыңайт­қыш­­тарды қолдануды 3,3%-ға арт­тыру­ға мүмкіндік береді. Облыс­тар әкім­діктерінің жедел ақпараты бойынша бүгінгі күні республика ди­қандарына көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 117,6 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізілген.

«Бүгінгі таңда Алматы, Жам­был, Қостанай және Түркістан облыс­тарында субсидиялауға өтінім­дер қабылдануда. Жақын ара­лықта Батыс Қазақстан және Сол­түстік Қазақстан облыстарында өтінімдер қабылдау баста­ла­ды. Қалған өңірлерде субси­­дия­лар тізбелері мен норма­­ларын бекі­ту жұ­мыстары аяқталу­ға жақын» деді Ауыл шаруашылығы министрі.

2021 жылға пестицидтерді субси­­дия­лауға облыстардың жер­гі­лікті бюджет­терін­де 30,6 млрд теңге көзделген, бұл пести­­цид­­терді сатып алуды 15,8%-ға арт­­тыруға және қолайлы фито­сани­тар­лық жағ­дай­ды қамтамасыз етуге мүмкіндік бере­ді. Егіс нау­қанын жүргізу үшін ауыл шаруа­­шылығы құралымдарында 141,7 мың трактор, 73,2 мың тұқымсепкіш, 221,2 мың топырақ өңдеу құралы бар. Бір мезгілде бірнеше технологиялық операция­ны орындайтын қазіргі заманғы егіс кешендері 4,3 мың бірлікке дейін ұлғайды. Бұған ауыл шаруа­шылығы техникасын сатып алу кезіндегі мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары ықпал етті. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақпараты бойынша биыл жыл басынан бері 24 млрд теңге сомасына 1 112 техника, оның ішінде 458 трактор, 28 комбайн және 626 өзге де техника қаржыландырылды.

Биыл 29 наурыздағы жағ­дай бойынша көктемгі дала жұ­мыс­тарын жүргізуге ауыл шаруашы­лығы техникасының да­йын­дығы 97%-ды құрайды. Техниканы дайындау жоспарлы режімде жүзеге асырылып жатыр. Жаппай жұмыс жүргізу алдында техника дайындығы 100%-ға жетуі тиіс.

Биыл Энергетика министрлігі­нің келі­сі­мімен егіс жұмыстарын жүргізу үшін ақпан-маусым айларына шамамен 380 мың тонна дизель отыны бөлінді.  Қазір­гі уақытта облыстардың операторлары мұнай өңдеу зауыттарымен шарттар жаса­су және диқандар үшін дизель отынын тиеп-жөнелту рәсімдерін жүргізуде. Гра­фиктің қолданылу кезеңінде Ауыл шаруа­шылығы министрлігі Энергетика министрл­ігімен бірлесіп өңірлерге мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынының тиеп-жөнелтілуіне күн сайын мониторинг жүргізеді.

Көктемгі дала жұмыстарын жүр­гізуге шама­мен 116,8 млрд тең­ге кредиттік ресурс­т­ар бөлінді, оның ішінде агроөнер­кәсіп­тік кешен субъектілерін қолдау жөнін­дегі іс-шараларды жүргізу үшін «Аг­рарлық несие корпорациясы» АҚ республикалық бюджеттен көк­темгі егіс және егін жинау жұ­мыс­тарын жүргізуге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлді.

Бүгінде «Кең дала» бағдарла­ма­сы шеңберінде 48,6 млрд тең­ге сомасына 1 326 ауыл шаруа­шылығы тауарын өндіруші қар­жы­ландырылды. Тағы 562 ауыл ша­руашылығы тауарын өн­діру­ші 10,6 млрд теңге сомасына қар­жы­ландырылу сатысын­да. Соны­мен қатар «Ауыл шаруашылығын қар­жылай қолдау қоры» АҚ кредиттер көлемі 6 млн теңгеден аспайтын көк­темгі дала жұмыстарын жүр­гізуді қар­жы­ландыратынын да атап өту қажет. Бүгін­гі таңда 60-тан астам ұсақ ауыл шаруа­шы­лы­ғы тауарын өндірушіге 370 млн теңгеден астам қаражат берілді.

Сондай-ақ Азық-түлік келісім­шарт корпорациясы ауыл шаруа­шылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырады. Жоспарланып отырған сатып алу сомасы 45,3 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 14,3 млрд теңге сомасына 74 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды. Биыл форвардтық сатып алу шең­берінде сатып алынатын өнімдер тізбесінде ауыл шаруашылығы дақылдары 4-тен 9-ға дейін кеңей­тілгенін атап өткен жөн. Мәселен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру және азықтық базаны нығайту үшін бидаймен және арпамен бірге, қарақұмыққа, күнбағысқа және басқа да майлы дақылдарға келісімшарттар жасалады.

Қажетті дизель отыны бөлінеді

Энергетика министрі Нұрлан Но­­ғаев­­тың айтуынша, 2021 жыл­ғы көк­темгі егіс жұмыстарын жүр­гізу мақ­сатын­да Энергетика министр­лігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, «2021 жылғы дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша об­л­ыстарды мұнай өңдеу зауыт­тарына  бекіту кестесін» әзір­леді. Осы кесте шеңберінде ауыл ша­­руашылығы тауарын өндіру­шілерге арналған қажеттілік 379 мың тонна көлемінде бекітілді. Биыл 29 наурыздағы жағдай бойынша, аталған кестені іске асыру барысы төмендегідей: ақпан айында жоспарланған 16,6 мың тоннаның 14,8 мың тоннасы, яғни 89,6%-ы тиеп-жөнелтілді, наурыз айында жос­парланған 115,7 мың тоннаның 50,3 мың тон­насы, яғни 43%-ы тиеп-жөнелтілді, соны­мен қатар кесте бойынша сәуір айын­­да 107 мың тонна, мамыр айын­да 125,4 мың тонна және мау­сым айын­­да 15 мың тонна тиеп-жөнел­ту жосп­арланып отыр. Тиеп-жөнел­ту төлемге сәйкес жүргізілуде.

«2021 жылғы көктемгі егіс жұмыс­тары­на арналған дизель отынының баға­сы Павлодар  мұ­най-химия зауыты мен Шым­кент мұнай өңдеу зауытында 1 тоннасы үшін 174 мың теңгені, ал Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 тоннасы үшін 172 мың теңгені құрайды (ҚҚС-ты қоса алғанда, FCA шарттарында)» деп атап өтті Энергетика министрі.

Ауыл шаруашылығы қажетті­лігіне арналған дизель отынының құны жанар-жағармай нарығына қа­тысушылармен келісу бойынша анықталады және оны мұ­най өнімдерінің ресурс иелері өз еркі­мен белгілейді. Министр­лік­тің баға­лауы бойынша, ауыл ша­руашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель оты­нының бағасы автожанармай құю стансасының бөлшек сауда бағасынан литріне 15-20 теңгеге төмен болады деп күтілуде.

Мәселені Үкімет басшысы Асқар Мамин қорытындылады. «Көк­темгі егіс жұмыстарын сапа­лы әрі уақтылы жүргізу елдің азық-түлік қауіпсіздігін қам­та­масыз етудің маңызды фак­тор­лары­ның бірі. Былтыр панде­мия­ға қарамастан егіс жұ­мыстары өте жоғары деңгейде жүр­гізіл­ді. Агро­технологиялар дәл сақ­­та­лып, тыңайтқыштар мен өсім­дік­тер­ді қорғау құралдары уақты­лы са­лын­ды. Бұл мол астық жи­нау­ға мүм­кіндік берді.  Биыл Үкі­мет көк­темгі егісті қаржылай және мате­риалдық-техникалық қам­та­масыз ету бойынша барлық қажет­ті шешімдерді қабылдады» деді ол.

Премьер-Министр Экология ми­­нистр­­­лігіне Ауыл ша­руа­шы­лығы ми­нистрл­ігі­мен және әкім­діктермен бір­ле­сіп, респуб­ли­каның оңтүстік өңір­лерін­­дегі ауыл шаруашылығы өнімін өндіру­шілерді суармалы сумен, оның ішінде ұзақмерзімді перспективада тұрақты қам­тамасыз ету бойынша шаралар қабыл­дауды тапсырды. Өңірлердің әкім­деріне ауыл шаруашылығы өнімін өндіру­шілер үшін тізбелер мен субсидия­лар нор­ма­ларын бекіту жұмысын бір апта ішін­де аяқтау, Энергетика ми­нистрлігіне бекітілген кесте мен бағалар бойынша егіс жұмыс­тарын жүргізу үшін дизель оты­ны­ның қажетті көлемін жеткізу­ді қам­­­тамасыз ету тапсырылды. «Ауыл шаруа­шылығы министрлігі об­лыс­тардың әкім­дік­терімен бір­лесіп, егіс алаңдарына жүр­гі­зіліп жатқан әртараптандыру шең­берін­де әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға ерекше назар аударсын» деді А.Мамин.