Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тәрбиеленушілермен атқарылатын жеке жұмыс түрлері

2 апреля 2021 12:30 • 3 143 просмотров

Мектепке дейінгі ұйымның инновациялық іс-әрекет ету жағдайындағы тәрбиешінің жұмысының негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, оның жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына ықпал ету. Бүгінгі мектепке дейінгі балалар алдында тәрбиеленушілерге білім берумен қатар, олардың ақыл ой белсенділігін, қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр. Сондықтан әрбір педагог әр баланың қабілетін арттыру үшін ол баламен жеке жұмыс жүргізеді.

Тәрбиеші баланың жас ерекшеліктеріне тән қабылдау және ойлау процестері, оның жеке басының даму заңдылықтары жөнінде білудің елеулі маңызы бар.

Сәбилер тобындағы балалардың көпшілігінің сөздік қоры аз, әлі өз беттерімен сөйлеуге үйренбеген. Сондықтан олармен ойындар көбірек өткізіп. Ойынның әр түрі тәрбие мақсатына қарай, алмастырылып отырамыз. Бұдан басқа аулаға, серуенге шыққан кезде де, түрлі бақылау уақыттарында да ойынға ерекше көңіл бөліп. Ойын арқылы сәбилерді өмір тіршілігіне қажетті жайттармен таныстырып. Көргенін айтып беру арқылы сөйлеуге жаттығады. Өйткені әрбір ойын оқылған материалды бекіту, мазмұнын айқын түсіндіру, көрген заттарын ойын арқылы нақтылап, есіне сақтау мақсатында өтіледі. Ойын арқылы әр баламен өткізген жеке жұмыстың нәтижесі анықталады.

Балалармен жеке жұмыс жасағанда балалардың таным процестерін дамыту үшін әртүрлі жеке жұмыс арқылы жаттығулар жасалынады. Қол, саусақ моторикасын дамытуға арналған ойыншықтар алынып әр баланың дамуына жағдай жасалады, үлесі қосылады.

Сөйлеуді дамыту немесе қарапайым математикалық негізінде, балалардың қабілеттеріне байланысты әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды қамтитын карталар бойынша жұмысты ұйымдастырамын.

Сонымен қатар балаларға тақпақтар мен өлендер беріп,бірге жаттап күнделікті қайталап отырамыз .Шығармашылық жағынан әр бала өзіне жақын жұмыспен жеке жұмыс жасауға көңіл бөлу,бір бала сурет жағынан,екінші бала мүсіндеу жағынан қабілеті болады. Әр баламен жеке жұмыс жүргізу. Жасаған жұмыстарын мақтап,мадақтап көңіл қойып отыру қажет. Сонда баланын шығармашылығын даму мен қатар,достарынын алдында мәртебесі өседі.Қандай болмасын әр баламен жеке жұмыс жасағанда,балаға қатты көңіл бөліп,баланын ішкі жан дүниесін түсіне білу әр тәрбиеші білу қажет. Сонымен қатар балабақшамызда Жантанушы маман иесі балалармен жеке жұмыстар жүргізіп,балаларға логикалық тапсырмалар беріп,ойларымен бөліседі.

Сонымен қатар балалардын жақсы көретін мультфильм кейіпкерлерінің суреттері арқылы несімен ұнайтынын жақсы жақтарымен бөлісіп,әңгіме жүргізіп,балалармен тығыз қарым қатынаста болып,әрқашанда балалардын жанынан жүреді. Бала біздің болашағымыз, балаларымызға кішкентай күнінен бастап,көңілімізді бөліп, ыстық ықыласпен, мейрімділікпен қарап рухани тәрбие өсірсек. Болашағымыздан үлкен үміт күтуге болады.

Қостанай қ. №13 «Ақбота» балабақшасының тәрбиешілері Әсел Қозбақова, Ұлжан Әбілтаева. Жантанушы Шолпан Токумбаева.