Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кеңсе жұмысымен танысты

15 апреля 2021 11:00 • 1 002 просмотров

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі жетекшісінің орынбасары Дмитрий Малахов және ведомство төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева «Тобыл – көмек алаңы» фронт-кеңсесінде мейман болды.

Елордалық дегетаттар осы алаңда азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтардың көбін толғандырған түйткілдер – құқық қорғау және аудандық деңгейдегі әртүрлі мемлекеттік органдардан уақытылы қызмет алу мәселелері.

«Қостанай облысындағы барлық 20 қалалық және аудандық әкімдік ашық сервистік модельге көшті. Бұл азаматтарға мемлекеттік қызметтер мен кеңестерді «бір терезе» қағидасымен жедел әрі кедергісіз алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамсыздандыру үшін және халықтың сенім білдіру деңгейін жоғарылату мақсатында өткен жылы облыстың 64 мекемесі Open Space форматына көшірілді. Биыл сервистік модельге көшу жұмыстары облыстың басқа да халқы тығыз орналасқан елді мекендерінде жалғасын табады», — дейді Агенттік жетекшісінің орынбасары Дмитрий Малахов.

Сондай-ақ, елордалық қонақтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы азаматтарды қабылдау күн сайын жүргізілетінін ескертті. Халықпен кері байланыс орнату үшін 1424 Call-орталығы да күндіз-түні жұмыс істейді.

Айта кетейік, астаналық меймандар ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында болып, курсанттар үшін ашық дәріс өткізді.