Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Комиссия отрысы өтті

15 апреля 2021 14:12 • 1 719 просмотров

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті, үшінші отырысы өтті.

Отырыс барысында Комиссия мүшелері жер қатынастарын реформалауға қатысты мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Бұл ұсыныстар жауапты мемлекеттік орган өкілдері мен АӨК саласы мамандарының қатысуымен жұмыс топтарында қаралған болатын.

Комиссия мүшелері ашық дауыс беру барысында бірқатар тармақтарды қолдады.

Мәселен, экономикалық мәселелер жөніндегі жұмыс тобын қарау қорытындысы бойынша жер реформасы жөніндегі Комиссия Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ауылдық аумақ істері жөніндегі комитетті құру мәселесі бойынша ұсыным әзірлеп, Үкіметке ұсынуды, ал Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жыл ішінде «Қазақстан Республикасының Бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін» әзірлеп, қолданысқа енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне студенттерді даярлауды жақсарту мақсатында жерге орналастыру, жер кадастрына және жер қатынастарының мониторингіне байланысты мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары мен кәсіптік стандарттарға өзгерістер енгізу ұсынылды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жергілікті халық орман алқаптарының пайдаланылмай жатқан жерлерін мал жаю және мал азығын дайындау үшін пайдалана алатындай етіп мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережелерін өзгерту ұсынылды.

Екінші жұмыс тобында қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне жеке қосалқы шаруашылықтардың егіс алаңдарында тұрғын үйлер салуға тыйым салатын Жер кодексінің жаңа нормасын әзірлеуді, сондай-ақ өңірлік жер комиссияларының мүшелеріне өз туыстарына қатысты жер бөлу жөніндегі конкурстық отырыстарға қатысуға тыйым салатын тетік қарастыруды ұсыну туралы шешім қабылданды.

Отырыс соңында жер реформасы жөніндегі Комиссия дауыс беру арқылы бірнеше ұсынысты қараудан алып тастау туралы шешім қабылдады. Өйткені, бұл мәселелер қолданыстағы заңнамада қарастырылған немесе жаңа заң жобаларымен Парламентке жіберуге дайын. Сол себепті, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлерін беруді жеңілдету, сондай-ақ қандастардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу рәсімдерін жеңілдету және мерзімін қысқарту туралы ұсыныстар қараудан алынып тасталды.

Комиссияның келесі отырысы 17 сәуірге жоспарланды.

            Естеріңізге сала кетейік, биыл 3-сәуірде өткен Жер реформасы жөніндегі комиссияның 2-ші отырысының қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылсын: 

  1. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функцияларын жергілікті атқарушы органдардан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағына қайтару мүмкіндігін қарастыру.
  2. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетіне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ЦДИАӨМ), сондай-ақ «Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми әдістемелік орталығы» ММ топырақ-геоботаникалық зертханалар желісін беру мәселесін қарау, сондай-ақ функционалдық талдау жүргізу, топырақ және геоботаникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі функцияларды бәсекелес ортаға беру жөніндегі ұсынысты қарау.
  3. Жер қатынастарын цифрландыру арқылы әкімдіктер жанындағы жер комиссияларын 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тарату туралы мәселе қаралсын.
  4. Ауыл шаруашылығы жерлерінің бағбандыққа арналған нысаналы мақсатын өзгертуге тыйым салу үшін ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізу бойынша түзетулер әзірлеу және қабылдау.
  5. Ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелге қатысы бар заңды тұлғаларға, Халықаралық ұйымдарға, шетелге қатысы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға жеке меншікке және жалға беруге тыйым салу жөніндегі заң жобасы қабылданғаннан кейін қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы қаулы қабылдансын.
  6. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту құзыретін беру бөлігінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабының 8-1-тармағына өзгерістер енгізу бойынша түзетулер әзірленсін және қабылдансын.

Сондай-ақ, Жер реформасы жөніндегі Комиссия ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану космомониторингін жалғастыру жөніндегі өзекті мәселені қарап, мынадай шешім қабылдады:

— жайылымдық жерлердің жүктемесі туралы өзекті деректерді алу үшін мемлекеттік органдарға космомониторинг сервисін және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялауды қамтамасыз етуді ұсыну;

— «Qoldau» платформасын ҚР Қаржы министрлігінен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру жөніндегі жол картасын әзірлеу ұсынылсын.