Мейрамхана бизнесі – бұл қарқынды дамып келе жатқан қызмет салаларының бірі. Заманауи мейрамхана бизнесінің дамуын жарнамасыз және PR-сыз елестету мүмкін емес. Күн сайын артып келе жатқан бәсекелестікті ескере отырып, мейрамханалар түрлі жарнамалық және PR-акциялар өткізуге мүдделі.
Мейрамхана бизнесіндегі PR дегеніміз — бұл бірінші кезекте белгілі бір тамақтандыру кәсіпорны имиджінің «эксклюзивтілігін» құру; бұл әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылатын, кәсіпорынды тиімді басқару және оның имиджін жақсарту мақсатында оң қоғамдық пікірді ұйымдастыру.Мейрамхананың жарнамалық науқаны, ең алдымен, бұқаралық ақпарат құралдарының жанама қолдауы арқылы оң қоғамдық пікір қалыптастыруға көмектеседі. PR-науқан ақпараттық және жаңалықтық өрісті тудырады, ал жаңалықтардың өзі тұтынушылардың сенімін тудырады. Клиенттер көбіне бұқаралық ақпарат құралдарында оқығанына сенеді. Қоғамдық тамақтандыру компаниясының PR-акциясы мейрамхананың бірегейлігін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұны жарнамамен жасау өте қымбат болады. Әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдардың көмегімен мейрамхана мейлінше жақсы көрінетін бірнеше перспективалар жасалады.
Қоғаммен байланыстың əлемдік тəжірибесінде PR-дың бірнеше функционалдық ерекшеліктерін атап көрсетеді:
•Басқару қызметінің бір бөлігі;
•Қоғам мен фирманың арасындағы қарым-қатынасты үйлестіріп,
келіспеушіліктің алдын алу;
•Қоғамдық пікірді зерттеу;
•Әлеуметтік байланыстарды орнықтыру, қоғамдық пікір мен əлеуметтік
жағдайларға əсер етуді талдау.
•Мәзірдегі және шарап тізіміндегі позицияларды құру, аспаздар, бірегей
шоу-бағдарламалар, осы мейрамханаға келген «жұлдызды қонақтар»;
PR көмегімен мейрамхана көпшілікке, яғни қоғамның сол сегментіне немесе қажет мақсатты аудиторияға жүгінеді. Қызметті жылжыту — бұл қосымша іс-шараларды өткізуге бағытталған ішкі іс-шаралар немесе сыртқы іс-шараларға демеушілік. Бұл механизм жағымды жаңалықтар тудыру және мейрамхананың қоғамдағы тұрақты имиджін құру үшін пайдалануға болады.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен қорытынды жасауға болады: PR-кампаниялар мейрамхана бизнесінде үлкен орын алады. Олар мейрамханаға әдеттегі жарнамаға қарағанда әлдеқайда аз ақша жұмсай отырып, «естілетін» болып қалуға, бизнестің сенімділігін арттыруға, мейрамхананың нарықтағы «орнын» табуға көмектеседі. Осыған байланысты жақсы жоспарланған және осы жоспарды жүзеге асыратын кәсіби ұйымшыл топпен ынтымақтастық жасауға келісетін бұқаралық ақпарат құралдарының саны өте көп.
Лаура Қадамбаева, тур-43, Еуразиялақ Ұлттық Университет, Экономикалық факультет, Туризм кафедрасы, Жетекші Дулатбекова Жанар Абдираевна