Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қоғамдық қабылдау өтті

28 апреля 2021 16:00 • 779 просмотров

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бейнеконференция режимінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Көпшілік өңір басшысына жекелеген пробелмаларымен жүгініп, шешімін тапты.

Бейнеконференция режимінде байланысқа шыққан облыс тұрғындары үйді жекешелендіру, көппәтерлі баспана құрылысын аяқтау, сондай-ақ жаңа тұрғын үй жобасын енгізу мәселелері бойынша өз өтініштерін білдірді. Әрбір өтініш бойынша түсіндірме жауаптар мен ұсынымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 575-084 телефоны бойынша алуға болады.