Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңғырған сана мен ғимараттар

29 апреля 2021 17:00 • 16 071 просмотров

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді. Онда Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру қорытындылары мен жоспарлары талқыланды. 

Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының орынбасары Абылай-хан Кәкеновтің айтуынша, өткен жылы 7,7 млрд теңге сомасына 1611 іс-шара өткізілген.

-2020 жылы бағдарламаның 3 бағыты бойынша жүйелі жұмыс атқарылды. Осылайша, «Туған жер» арнайы жобасы аясында меценаттармен, туған жер тумаларымен және азаматтық қоғаммен кешенді өзара іс-қимыл ұйымдастырылады, — деп баяндады А.Кәкенов.

Осылайша, 300-ден астам меценаттың қатысуымен 14 мектеп жөнделген, 21 балалар және спорт алаңы салынып, 4 робот құрастыру кабинеті ашылған, 9 мұқтаж отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, облыстың әлеуметтік мекемелерін 402 млн теңгеден астам сомаға материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру жүргізіліпті. 2021 жылы осы арнайы жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасады.

Бүгінгі таңда «Көркейе бер, Қостанай» жобасы аясында жоспарланған 160 іс-шараның 26-сы аяқталды. 24 -і іске асырылу үстінде, 110 жоба жоспарлау сатысында тұр.

Абылай-хан Кәкеновтың айтуынша, мазмұны бойынша сәйкес келмейтін жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасына енгізу фактілері әлі де кездеседі.

«Мысалы, 2021 жылы бірқатар аудандарда діни нысандардың құрылысы мен қайта жаңғыртылуы, мешіттерге материалдық көмек көрсетілгені туралы ақпаратты берген. Сіздердің назарларыңызды осы жобалар меценаттардың ерікті қайырмалдықтары болып табылатынына қарамастан, олар жаңғырту бағдарламасына қатысты бола алмайды. Алайда, бағдарламаның мәні меценаттардың қаражатын тартумен қатар, қалалар мен ауылдарда халықтың дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау, қазақстандықтардың бойында өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысты ояту, ал қазіргі әлемде ең маңыздысы – өзіндік ерекшелігі мен тарихын жоғалтпау», — деп түсіндірді ол.

Сондықтан, спикердің пікірінше, бұл жұмысқа үкіметтік емес секторды, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияны тарту маңызды. Сондай – ақ, биыл облыс Мемлекеттік комиссияның ұсынысы бойынша 4 жаңа арнайы жоба бойынша жұмыс бастады: «Дәстүр мен ғұрып», «Үнем – қоғам қуаты», «Еңбек – елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет».

«Бұл бағыттар отбасылық құндылықтарды нығайту, ірі сауда орталықтарында, кафелерде, мейрамханаларда, спорт кешендерінде ұлттық музыканы таратуды ұйымдастыру, қаржылық және құқықтық сауаттылыққа оқыту жөніндегі жұмысты қамтуға тиіс. Осылайша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы еліміздің қоғамдық және саяси жағдайының шынайылығымен ажырағысыз. Осыған байланысты қалалар мен аудандардың әкімдіктері Ы.ағартушының 180 жылдығына арналған іс-шараларды ескеруі қажет. Алтынсарин, ақын Ж.Жабаевтың 175 жылдығы, саяси қайраткер Ә. Бөкейхановтың 155 жылдығы, «Жас Алаш» газетінің негізі қаланғанына 100 жыл, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы, Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығы және т. б»,-деп түйіндеді А. Кәкенов.

Кеңес қорытындысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандар әкімдіктеріне іс-шараларды сапалы әрі мазмұнды өткізуді тапсырды. Сондай-ақ, «Рахмет саған, Туған ел!» бағдарламасы бойынша жұмысты күшейтуді жүктеді.
Бұл жұмыстар облысқа қарасты қала мен аудандарда да қарқынды жүргізілуде. Мәселен, Лисаков қалалық ішкі саясат бөлімі жанынан «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі құрылғалы бері ауқымды жобалар атқарылуда. Аталған мекеменің меңгерушісі Айман Қадырханова бағдарлама шеңберінде жүзеге асатын жаңа жобаларымен бөлісті.

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында биыл 46 жоба,  255 іс-шара жоспарланған. Жыл басы басталғаннан бері «Көркейе бер, Қостанай!» кіші бағдарламасы  бойынша әзірге екі шараның біреуі өтті. Ал екіншісі жалғасуда. Соның бірі — ауыз толтырып айтатын қайырымдылық шара «Дон Мар» ЖШС Октябрь кентінде аз қамтылған Е.Покровская, Е.Кузнецова, А.Туленбаева, Л.Вебер, В.Приз, Смольниковтер отбасына газ құбырын өз қаражатымен өткізіп берді Биыл қаламыздың тумасы, жерлесіміз Альберт Раудың бастамасымен тұрғын үй қасбетіне «Ұлы даланың Ұлы есімдері», Тәуелсізідігіміздің 30 жылдығы мен  Лисаков қаласының негізі қаланғанына 50 жыл толуы қамтылған арт-мурал салу қолға алып отыр, —  дейді Айман Қадырханова.

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай басталған «Рухани жаңғыру – отбасынан басталады» фестивалі жалғасуда. Мақсаты – қала тұрғындарының арасында қазақ тілінде сөйлей білетін немесе қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық тағамын және қолөнерін сақтап, оның тәрбиелік мәнін насихаттап жүрген өзге ұлт өкілдерінің отбасыларын анықтау және үлгі ету. Фестиваль қорытындысы 1 наурыз – Алғыс айту күні шығарылатын болады. Қазір елдегі пандемияға байланысты бұл шара онлайн түрде өтуде. Әрбір қатысушы өзі туралы, ұлттық тағамның әзірленуі жайлы шағын бейнеролик түсіріп, ол «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілерінде және YouTube хостингіндегі «Ruhani Jangyru Lisakovsk» арнасында жұртшылық назарына ұсынылуда.              

 Фестивальдің алғашқы қатысушысы – Екатерина Алмағамбетова. Ол Лисаков қаласындағы «Нұрлы жол» бөбекжай-бақшасында тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Көп балалы ана. Перзенттерінің үлкендері студент. Қалған екі ұлы №3 мектепте оқиды. Биыл жұбайы Қуанышбек Алмағамбетовпен отау құрғанына – 20 жыл. Қазақтың отбасына келін болып түскенде аса қатты қиналмағанын айтады. Қазір ол халқымыздың салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын бір кісідей біледі.            

-Мен барлығын тәжірибе барысында үйрендім. Қазақтың салт-дәстүрлері көп болғанмен де, бәрін ақырындап үйреніп кеттім.  Қазір дәстүр-жоралғыларды өте жақсы білемін. Себебі, ұлттық мейрамдарды үйде, отбасымызда қарсы алып тұрамыз. Қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ пісіруден бастап, ет аса аламын. Қолымызда енем бар. Ол өте жақсы, мейірімді, ашық-жарқын кісі. Білмеген дүниемді ақылға салып, барлығын сабырмен үйретеді. Біреулерге жат көрінер, дегенмен өзім енемді қатты сыйлаймын. Құдайға шүкір, енемнің мектебінен өткен мен де дәл сол кісідей болуға тырысып келемін, -дейді ол.

Моноқалада өткен жылдың аяғында COVID-19 індетінің алдын-алу мақсатында «Шағын және орта бизнесті дамытудың оңалту қоры» ҚҚ, «Лисаковрудстрой» ЖШС және қалалық аурухана арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Соның арқасында қалалық аурухана медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Көптен күткен медициналық жабдық орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. «Көркейе бер, Қостанай!» жобасын іске асыру аясында Лисаков қаласының «Шағын және орта бизнесті дамытудың оңалту қоры» ҚҚ «Арай Холдинг» ЖШС-нің атынан медициналық жабдықтарды сатып алуға 3 миллионға жуық теңгені аударды. Медициналық құрал-жабдық ВМ 1 жинақы (Bionet, Корея) екі мониторынан және «Элема-Н АМ1М» 2 хирургиялық сорғышынан тұрады.

 ВМ1 аппараты күрт нашарлаған жағдайда науқастың параметрлерін бақылауға мүмкіндік береді. «Элема-Н АМ1М» сорғышы операция кезінде және операциядан кейінгі кезеңде жаралар мен қуыстарды сұйықтыққа, сондай-ақ вакуумға негізделген басқа процедураларға арналған.            

 Бұдан өзге, пандемия кезінде Лисаков қалалық мешіті ұйымдастырған «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясына қатысқан 50 қала тұрғынынан жиналған қаражатқа Y007-5W оттегі концентраторы сатып алынды. Сонымен қатар, қала кәсіпкерлері «Ауруханаға көмек» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Осы акция аясында медициналық қызметкерлерге ауыз су, мецидиналық маскалар, кеңсе тауарлары, төсек-орын жабдықтары, сондай-ақ, 20 дана пульсоксиметр, 40 дана респиратор берілді.

Сондай-ақ, басқа қаражат көздері арқылы аталған емдеу орнына ауадай қажет болып тұрған өкпені жасанды дем алдыратын жалпы 5 қондырғы алынды. Оның төртеуі «Biyovent» қазақ-түрік өндірушілерінен және неміс құрылғысы «Дексион» аппараты. Екі монитор қабылданып алынды. Бірақ олар қазір жұқпалы аурулар станционарында. Сонымен қатар 1 медикаментозды шприцті «Дозатор» сатып әкелінген. Бұл медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуде. Ақ халаттылар мұндай таптырмас дүниелер ауруханаға жұқпалы аурумен түскендердің тыныс алуына көп көмегін тигізіп жатқанын айтады.

— «Biyovent» тасымалдауға өте ыңғайлы аппарат. Бұған қоса, бұл құрылғы оттегін айтарлықтай үнемдейді. Қазіргідей пандемия жағдайында үлкен сеп болып тұр. Аппараттың қызметі біздің ақ халатты әріптестеріміздің жұмысын барынша жеңілдетті. Мониторы бар құрылғы пациенттің жағдайын бақылауда ұстайды. Қан қысымы, тамырлардың соғуы, дене температурасы және электрокардиографиясын түсіріп көрсетеді. Осы көмегі үшін серіктестікке, оған дәнекер болған жергілікті әкімдікке айтар алғысымыз зор! – дейді Лисаков қалалық ауруханасының жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Ерден Мұрзахметов.

Бетті дайындаған Маржан АЛПЫС