Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру мәселесін қарады.
«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін облыстық Жол картасы әзірленді, ол облыстың 2025 жылға дейінгі дамуының 7 негізгі бағытындағы проблемалық мәселелерді шешуге арналған.
Жол картасы 13 нысаналы индикаторды қамтитын 121 тармақтан тұрады, онда 2,0 трлн теңгеге жуық қаржыға 2,0 мыңнан астам іс-шара жоспарланған.
Кеңес барысында облыс аумағында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру мәселесі де қаралды. Ауыл-аймақтарды дамыту ауыл тұрғындарының өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасауда бірінші маңызды атқарады. Іске асырылып жатқан «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бірінші кезекте әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартады.
–Аталған жұмыстар көрсетілген мерзімде аяқталуы тиіс. Қала мен аудан әкімдері жұмысты жандандырып, оның нәтижесін облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолдап отырсын,-деп тапсырма берді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.