ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қостанай қаласында Қазақстанның барлық аймақтарынан келген Азаматтық альянстардың қатысуымен өткен үкіметтік емес секторды дамытудың проблемалары мен перспективаларын талқылауға қатысты.
Іс-шараны Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырды. Кездесу барысында Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева барлық проблемалық сұрақтарды өңірлердегі әкім орынбасарларының есептерін тыңдай отырып, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің талқылауына шығаруды ұсынды. Сондай-ақ, ол талқыланған мәселелердің шешімі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілуі жоспарланған Қазақстанның X Азаматтық форумы аясында қаралатынын атап өтті.
Өз кезегінде, ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Гүлбара Сұлтанова Министрліктің қоғамдық бақылау, қайырымдылық және волонтерлік қызмет, гранттық саясат тетіктерін жетілдіру және т. б. салалардағы заңнамалық бастамалары бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.
Қазақстанның Азаматтық Альянсы көшбасшылары өңірлердегі проблемалық мәселелерді белгіледі. Олар мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылының жеткіліксіз деңгейі, жұртшылық пен ҮЕҰ пікірін ескермей мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбын қалыптастыру, «әмбебап» жарғылары бар басқа өңірлерден ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына қатысу және т. б.
Айта кетейік, іс-шара 10 жыл бұрын Қостанай облысының Азаматтық Альянсына сенімгерлік басқаруға берілген ҮЕҰ Облыстық үйінде өтті.