Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Білімді ұрпақ – білікті ұстаз бейнесі

13 мая 2021 15:00 • 1 392 просмотров

«Білімдіге дүние жарық» дегендей білім асыл да бағалы қазына. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы жеткен. Ал әрбір баланың білімді болуы жарқын болашақтың айнасы. Білімді біз күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, арақатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатнаста танимыз. Сондықтан білім әр адамға қажет.

Жастар білімді алған сайын оған оны тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Ал бұл қандай бір жаңалықтарды ашуға жол береді. Сондықтан білімді ұрпақ тек өздерінің жарқын болашағы ғана емес бүкіл елдің жарқын болашағы. Ал, болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі жастар.

Жастар мемлекетіміздің дамуына үлкен үлес қосулары қажет. Біздің ата-бабаларымыз елдің даму жолында бірінші қадам жасады. Біз оны жалғастыруымыз қажет. Оны жалғастыру үшін жастар саналы, білімді болу керек. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түспейтін адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын,бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін  бүгінгі жас ұрпақ. Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды бойында ұлттық құндылықтар бар, сақталған жеке  тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, сан қилы өмірде аяғынан тік тұрып кететініндей түрткі жасауымыз қажет. Сол себептібарша ұстаздардың, ата-ананың, қоғамның міндеті әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.

Қазақ халқының  ағартушысы  М.Жұмабаев «…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- деген.

Бұл үлкен міндетті орындауда ұстаздардың ролі жоғары болу керек. Ол ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Адам болып қалыптасу үшін қыруар уақыт пен тер төгетін зор еңбекті қажет ететін аумағы кең , жауапкершілігі мол тірлік екенін ұқтырса керекті. Бала тәрбиесіқоғамнантыс,оқшаутұрғанқұбылысемес.

Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын, бүкіл әлемге танытып, өзге мемлекеттермен тереземізді тең ұстап, керегемізді кең ететін – бүгінгі алдымызда отырған шәкірттер. Осы орайда қазіргі таңда еліміздің білім беру ісінде тың өзгерістер болып жатқаны баршамызға мәлім. Білім беру мекемелерінде мұғалімнің ең басты қасиетті міндеті — рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бойында ұлттық құндылықтар бар, сақталған адамгершілікті жеке  тұлғаны қалыптастыру. Ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық технологияларымен байланыстыра бере отырып, әр баланың қабілетін, талабын ашып, талантын ұштап, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, қоғамда өз орнын дұрыс таба алатындай етіп жұмыс істеуіміз қажет. Ол ең алдымен ұстаздың даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Ұстаз ол – оқушы үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі, жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.

Ұлы педагог Я.А.Коменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екенін айтқан. Ал, шығармашыл ұстаздың шәкірті де шығармашыл, ізденімпаз болып қалыптасады. Оған білімнің нұрын құйып, шығармашылық ынтымақтастықта әрекететсе, шығармашыл дарынды тұлға шығары сөзсіз.

Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп бала тәрбиесін жақсы көңіл бөлген. Білім, тәрбие жолы ұзақ жол. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен талабын орындай алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады.

XXI ғасыр – бәсеке ғасыры, олай болса, кемелденген рухани- адамгершілікті тұлғалы шәкірттерді тәрбиелеп, біліміміз бен қажыр-қайратымызбен «Ұстаз» деген атқа лайықты қызмет ете берейік.

Маржан Алпыс, Қостанай қаласы, №27  жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.