Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облыстық радио және телевизия дирекциясының 60-жылдығына арналған салтанатты шарасына қатысты.
Министр бұл шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқандығын және оның маңыздылығын атап өтті. Аида Ғалымқызы Қостанай облыстық радио және телевизия дирекциясының ардагерлерін және жұмыскерлерін құрмет грамоталары, алғыс хаттармен марапаттады.
«Телерадиохабар таратудың заманауи инфрақұрылымын жасау министрлік пен «Қазтелерадио» ұлттық операторының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады« — деді министр.
Министр пандемия кезінде цифрлық әлемнің жылдам дамуына байланысты бұл компанияның одан әрі дамып, заманға сай болу қажеттілігін атап өтті.
Бұдан басқа А. Балаева жұмыс сапары барысында Қостанай облысының БАҚ бас редакторларымен кездесіп, Өңірлік жастар орталығының жұмысымен танысты.