Архимед Мұхамбетов Үкімет делегациясы құрамында Беларусь Республикасының Минск қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар іс-шараға қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Кенже Қонысбай Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Ағымдағы жылдың 27-28 мамыр аралығында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясы құрамында Беларусь Республикасының Минск қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар іс-шараларға қатысты. Сапар барысында облыс әкімі «Минск трактор зауыты» ААҚ-ның басшылығымен кездескен.
Сондай-ақ, сапар барысында «Минск трактор зауыты» ААҚ-ның кәсіпорын алаңында зауыт басшылығымен кездесті.
Биыл «Минск трактор зауыты» ААҚ осы жылы 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Олар әлемдегі ең ірі ауылшаруашылық техникаларын өндірушілердің бірі. Түрлі техника компоненттерін әзірлейді. Кездесу барысында машина жасау саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.