Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жүйе, Ashyq көшбасшыларына жеңілдік бар

3 июня 2021 16:00 • 1 523 просмотров

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq жобасы көшбасшыларына бірқатар жеңілдік берілетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жобаны енгізудің оң әсерін ескере отырып, «Атамекен» ҰКП-мен бірге жоба көшбасшыларын ынталандыру критерийі әзірленді. Атап айтқанда, жоба көшбасшылары қызмет түріне байланысты 2 аптаның ішінде нысандағы тіркеу саны бойынша анықталады», — деді министр бүгін Үкімет отырысында.

Оның атап өтуінше, бұл әдіс елорданың және республикалық маңызы бар қалалардың ерекшеліктерін ескеретін болады.

«Ashyq жобасының көшбасшысы мәртебесін алған қатысушылар жұмыс уақыты мен шарттары бойынша қосымша жеңілдіктер алады. Сонымен қатар Ashyq жобасына туристік сала нысандарын, білім орталықтарын, балаларды сауықтыру ұйымдарын қосу мәселесі пысықталып жатыр», — деді ол.

Жалпы, Қостанай облысында барлығы 1 111 төсек орын дайын. Медициналық жабдықпен қамтамасыз етілу қойылатын талаптарға сәйкес келеді, дәрілік заттардың жеткілікті қоры қалыптастырылған. 2 айға жететін дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдары бар.

Сондай-ақ, 505 мың азаматты вакцинациялау жоспарлануда, бүгінгі таңда 80 мыңнан астам адам вакцинаны алды. Сондай-ақ, «Ashyq» мобильді қосымшасы қарқынды енгізілуде. Бүгінгі күні кәсіпкерлерден 270 өтінім қабылданды.