Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мемлекеттік бағдарламалар мүмкіндігі

10 июня 2021 11:30 • 801 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әкімдіктің кеңейтілген отырысын өткізіп, жергілікті атқарушы органдардың орындаушылық тәртібін талқылалды және облыс аумағындағы мәдениет нысандарының жай-күйі мен мәдениет саласының инфрақұрылымдық даму перспективалары туралы мәселесін қарады.

Тапсырмалардың орындалуын бақылау мемлекеттік органның негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді. Басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету маңызды қызмет.

Бұл туралы облыс әкімі аппаратының басшысы Эльдар Күзенбаев баяндады. 2019 жылмен салыстырғанда тапсырмалар саныны 48 пайызға өскен. Бұл, ең алдымен, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жедел және жүйелі шаралар қабылдаумен, сондай-ақ пандемия жағдайында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты. Ал 2021 жылдың басындағы жағдай бойынша облыс әкімдігінің бақылауында 396 тапсыр бар.

Одан әрі облыс өңірлеріндегі мәдениет объектілерінің жай-күйі және мәдениет саласының инфрақұрылымдық даму перспективалары туралы мәселе қаралды.

«Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасына сәйкес республиканың барлық өңірлерінде әлеуметтік сала нысандардың қолжетімділігін арттыруға, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған нақты міндеттер бар. Бұл міндеттерді іске асыруға «Ауыл — ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» сияқты мемлекеттік бағдарламалар мүмкіндік береді.

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, 2021 жылдың 1 маусымына сәйкес облыс бойынша 573 мемлекеттік нысан бар. Жұмыс істеп тұрған мәдениет ошақтарының жағдайын қанағаттанарлық және жақсы деп бағалауға болады. Облыста апатты ғимараттар жоқ.

— 2019 жылы инспекциялық тексеру қорытындысы бойынша ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Науырзым ауданының аудан орталығында Қарамеңді кентінің мәдениет үйін салуға жергілікті бюджеттен қаражат қарастыруды тапсырды. Тапсырманы орындау мақсатында 2020 жылы 200 орынға арналған «Арман» мәдени-демалыс орталығының ғимаратын қайта жаңартуға ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана ғимаратын ағымдағы жөндеуге және Арқалық қаласындағы № 2 облыстық кітапхана, Жангелдин ауданының Қөлқамыс ауылындағы клубты жөндеуге, жалпы сомасы 190,1 млн. теңге бөлінді.

Сондай — ақ, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында биыл екінші траншпен «Қарасу ауданының Октябрь аймақтық ауылдық кітапханасына» 122,8 млн.теңге және Қарабалық ауданының Научный ауылдық мәдениет үйіне» 140,6 млн. теңге күрделі жөндеу жүргізу үшін бюджет қаражатын бөлу жоспарлануда.

Бұдан басқа, көрсетілген бағдарлама шеңберінде одан әрі іске асыру үшін ағымдағы жылы мәдениет объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 25,6 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

— «Амангелді ауданының Қарасу ауылдық округінің ауылдық клубы» — 9,0 млн. теңге;;

— «Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылының Мәдениет үйі» — 7,6 млн. теңге;;

— «Меңдіқара ауданының Михайловка ауылындағы Мәдениет үйі» — 9,0 млн.теңге.

2022 жылы Ұзынкөл ауданы Ершовка ауылында 180,7 млн.теңге сомасына мәдениет үйінің құрылысы жоспарланған. Осы нысан бойынша құрылысқа ЖСҚ тартылған қаражат есебінен әзірленгенін атап өткім келеді.

Аталған ауылдар даму әлеуеті орташа спутниктік ауылдық елді мекендер болып табылады.

Сонымен қатар, қалалар мен аудандардың әкімдері мәдениет объектілерінде орналасқан автономды жылыту жүйелерін шығару жоспарының орындалуын ерекше бақылауға алуы қажет екенін атап өткім келеді.

Бүгінгі күні «Сарыкөл аудандық мәдениет үйі» МКҚК үшін модульдік қазандықты сатып алуға облыстық бюджет қаражатынан 13,4 млн.теңге бөлінді.

Қамысты ауданы бойынша қазандық салу мәселесі қайта қаралды және қазіргі уақытта «Қамысты ауданының құрылыс бөлімі» ММ бірнеше ғимаратқа, оның ішінде «Қамысты ауданы әкімінің аппараты «ММ-ге,» Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты » ММ-ге және аудандық мәдениет үйіне қызмет көрсететін қазандық салу жобасы әзірленуде. Қаржыландыруды 2021 жылдың екінші жартыжылдығында бөлу жоспарлануда.

Қарабалық ауданының 6 мәдениет нысаны қазандық салуды қажет етеді. Мәдениет объектілерінде орналасқан автономды жылыту жүйелерін шығару бойынша жоспарға сәйкес 6 қазандық құрылысы бойынша ЖСҚ дайындауға 33,8 млн.теңге бөлу үшін бюджеттік өтінім берілді.

Жалпы, бұл жобаларды іске асырудың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігі халықтың бос уақытын ұйымдастыруға, әуесқой халық шығармашылығын дамытуға, рухани қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыруға жағдай жасаумен байланысты.

Отырыс қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдеріне мәдениет нысандарында орналасқан автономды жылыту жүйелерін шығару жоспарының орындалуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Сонымен қатар, облыс басшысы Арихмед Мұхамбетов, КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.

Штаб отырысы барысында Қарабалық және Сарыкөл аудандарының әкімдерін тыңдап, мониторингтік топтардың жұмысын қарастырдық. Осылайша, мониторингтік топтар 2021 жылғы 1 мамыр мен 6 маусым аралығында 1 518 рейдтік іс-шара өткізді, 86 карантиндік шараларды бұзушылық анықталды.

Халыққа вакцинация жүргізу бойынша-бүгінгі күні облысқа вакцинаның бірінші компонентінің 120 мың дозасы және екінші компонентінің 71 мың дозасы жеткізілді.

6 маусымға барлығы 90 207 адам вакцинацияланды, оның ішінде екінші компонентпен 43 081 адам.

Сондай-ақ, бүгінгі күні облыс бойынша «Ashyq» жобасына қатысу үшін 425 өтінім берілді.

Сонымен қатар, барлық ұсыныстарды қарап шығып, штаб келесі жеңілдіктерді ағымдағы жылдың 14 маусымынан бастап енгізу туралы шешім қабылдады.

-барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, 25 адамнан аспайтын тамақтандырумен және тамақтандырусыз мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ашуға рұқсат етілсін.