Қазақстан мен Беларусь Премьер-Министрлері ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді.
Үкімет басшылары сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік-логистика, құрылыс салаларындағы ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперация мен білім берудің, сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Қостанай қаласында А. Мамин мен Р. Головченко ауыл шаруашылығы машинасын жасау өнімдерінің бірлескен өндірісін дамыту жобаларымен танысты.
«АгромашХолдинг KZ» АҚ базасында өндіріс көлемін жылына 1 мың бірлікке дейін ұлғайта отырып, «Гомсельмаш» зауытының технологиясы бойынша «Есіл» комбайндарын құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте қысқа мерзімді кезеңде өнімді жергіліктендіру деңгейі 60%-ға дейін жеткізіледі.
Екі елдің үкімет басшылары «МТЗ Қазақстан» кәсіпорнының даму жоспарларымен танысты. Зауытта жаңа корпустардың құрылысы жүріп жатыр, бұл өндіріс көлемін жылына 4 мың тракторға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Қостанай қаласындағы «АгромашХолдинг KZ» АҚ локализациялау орталығының базасында «КУВО» Беларусь компаниясымен бірлесіп, 2022 жылдың соңында жылына 30 мың жиынтық көлемінде ауыл шаруашылығы және автомобиль техникасына арналған көп қабатты шыны пакеттер өндірісін ашу және оны кемінде 70% деңгейде жергіліктендіру көзделген. Қостанай қаласында «Белкарпластик» ЖШҚ-мен бірлесіп, машина жасау саласы үшін композициялық материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі ашылады.
АӨК саласында тараптар Беларусь технологияларын тарта отырып, Қазақстанда сүт-тауар фермаларын салу бойынша ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр. Екі елдің іскер топтары өкілдерінің өткен кездесулері барысында тиісті уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Құрылыс индустриясында бірлескен жобаларды іске асыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді. Мәселен, «БелВудДоорс» компаниясы мен «Самұрық-Қазына Констракшн» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласының индустриялық аймағында қуаттылығы жылына 250 мың есік өндірісін ашуға ниетті. Жоба құны – 5,5 млрд теңге. Бұдан әрі осындай жобаны Алматы қаласында іске асыру жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстанда қуаттылығы 2 млн м² болатын керамикалық плиталардың бірлескен өндірісі ашылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Екі елдің Премьер-Министрлері Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС өндірістік алаңында, сондай-ақ темір кенін, доломитті, әктасты, құрылыс шағылтасын қайта өңдейтін ҚР ірі кәсіпорны – Рудный қаласындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-да болды.
Нұр-Сұлтан қаласында екі елдің үкімет басшылары ModeX модульдік үй құрылысы зауытында, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-да, «Астана» халықаралық қаржы орталығында және басқа да нысандарда болды.
Кездесу барысында Қостанай облысының әкімдігі белоруссиялық «КУВО», «Белкарпластик» және «Минск трактор зауыты»компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізді. Компаниялар облыс аумағында машина жасау саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндігін пысықтауда. Осылайша, «Белкарпластик» компаниясы Ауыл шаруашылығы техникасы үшін интерьер мен экстерьердің пластикалық бөлшектерін дайындауды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда, өз кезегінде «КУВО» басшылығы ауыл шаруашылығы техникасы үшін шыны өндіру бойынша жобаны пысықтауда.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы»Минск трактор зауыты» ААҚ,»АгромашХолдинг KZ» АҚ және»СарыарқаАвтоПром»ЖШС-мен жасасты.
Меморандумдар әріптестік қатынастарды орнатуға және ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Бұдан басқа, олар облыс өндірісі мен экономикасын дамытудың басым бағыттары шеңберінде Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі базасында машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығын құруды көздейді.
Бұл бірлескен қадам машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау сапасын арттыруға, колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға, өңірдің еңбек нарығын дамытуға ықпал ететін болады.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов атап өткендей, біздің өңір түрлі бағыттағы жобаларды, соның ішінде машина жасау саласындағы жобаларды іске асыруда әлеуетті әріптес болып табылады.
Достық қарым-қатынасты дамыту мен нығайтуда қос елдің арасында жасалатын келісімдер маңызды фактор болып отыр. Оған әріптес мемлекет делегациясының кезекті мәрте аймағымызға сапарлап келуі дәлел. Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше жєне өкілетті елшісі П.Утюпин бастап, Гроднен облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары В.Невер Тобыл өңірінде болып қайтты.
2013 жылы Қостанай мен Гроднен облыстары арасында екі жақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Өзара ісқимылды одан әрі дамыту мақсатында 2022-2023 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамытудың Жол картасы бекітілді. Әсіресе, соңғы жылдары Қостанай өңірінде машина құрастыру саласы жоғары қарқын алған. Ұзақ жылдардан бері белоруссиялық «Гомсельмаш» ААЌ жєне Минск трактор зауытымен тығыз әріптестік орнаттық.
– «АгромашХолдинг KZ» АҚ «Гомсельмаш» компаниясымен бірлесіп Essil астық жинау комбайндарын шығарып отыр. Бір ғана мысал, жыл басынан бері бес айда 61 комбайн құрастырылды. Биыл бұл көрсеткіш 425-ке жетеді деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Минск трактор зауытының ықпал етуімен «МТЗ-Қазақстан» ЖШС алаңында «Беларус» маркалы тракторлар өндірісі жолға қойылды. Бұл ретте, кәсіпорын келесі кезеңді – трактор кабиналарын өндіруді іске асыруға кірісті. Бұл жоба шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін оқшаулау деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді Сіздер біздің индустриялық аймақпен таныс болдыңыздар. Өңірлеріңіздің өнеркәсіптік әлеуетін назарға ала отырып, біз машина жасау, химия өнеркәсібі және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара ынтымақтастыққа дайын екенімізді атап өткім келеді, – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов екі жақты кездесу барысында.
Бұл бағыттардың барлығы Жол картасы жобасында нақты айқындалған және осы науқан екі жақты ынтымақтастықты жаңа дәңгейге шығаруға мүмкіндік бермек.