Арқалық қалалық білім бөлімінің басшысы Есланбек Мәметековтің төрағалығымен «Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру» жөнінде кеңейтілген кеңес өтті.
Кеңестің күн тәртібінде: «Мектеп оқушылары арасында 2021 жылдың 5 айында орын алған құқық бұзушылық, қайғылы оқи-ғалардың салыстырмалы көрсеткіші және алдын алуға бағытталған жұмыстар», «Білім алушылардың арасында жүргізіліп жатқан әлеуметтік-психологиялық және тәрбиелік жұмыстардың нәтижелілігі», «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың себептері және алдын алу шаралары» жөніндегі мәселелер қаралды.
Шара барысында Арқалық қалалық полиция бас-қармасы ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Дәмира Ахат, қалалық білім бөлімінің әдіскері Жадыра Қожахметова, А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гиназия директорының міндетін атқарушы Серікбай Ешімағалиев, Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Жәмила Өтебаевалардың баяндамалары тыңдалды.
Дәмира Талғатқызы өз есебінде: «Білім беру органдарымен бірлесіп тұрғын үйден тыс жерде, сондай-ақ ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп жатқандығын алға тартты. Есептік кезеңде 168 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмаған 31 бала есепке қойылып, «Қолайсыз отбасы» ретінде 20 отбасы тіркелген.