Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

850 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді

9 июля 2021 16:39 • 327 просмотров

Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша – қаңтар -мамырда азық-түлік өндірісі 3,3% — ға өсіп, 851,6 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Аталған кезеңде қызылша қантын өндіру көлемінің шамамен 30%-ға (5,5 мың тоннадан 7,1 мың тоннаға дейін), өңделген күріштің 24%-ға (71,2 мың тоннадан 88,3 мың тоннаға дейін), жарманың 18,7%-ға (34,6 мың тоннадан 41,1 мың тоннаға дейін), сары майдың 16,5%-ға (9,0 мың тоннадан 10,5 мың тоннаға дейін), өсімдік майының 11,9%-ға (185,4 мың тоннадан 207,5 мың тоннаға дейін), ұнның 9%-ға (1 235,6 мың тоннадан 1 347,4 мың тоннаға дейін), ірімшік пен сүзбенің 8,7%-ға (13,6 мың тоннадан 14,7 мың тоннаға дейін), өңделген сүттің 3,3%-ға (244,7 мың тоннадан 252,7 мың тоннаға дейін) дейін артқан.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 46,8%(213,8 млрд.теңгеге), тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 24,1%-ға (35,6 млрд. теңгеге дейін) өсті.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,1% — ға артып, 1,1 трлн. теңге құрағанын айтқан.