Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Сәлем саған, Туған ел!

10 июля 2021 17:44 • 1 180 просмотров

Қостанайдағы Жастар сарайында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елорда күніне орай «Сәлем саған, туған ел» деген атауда Е.Өмірзақов атындағы  облыстық филармонияның 2020-2021 жылғы маусымының жабылу кеші өтті.

Атаулы кешке облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, облыстық филармонияның солистері және Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген қонақтар қатысты. Мерекелік іс-шарада қазақстандық және әлемге танымал шетелдік композиторлардың шығармалары орындалды.

Айта кету керек, қазақ халық аспаптары оркестріне Қостанайда қазақ оркестрін ашу үшін бар күш-жігерін салып, ұжым құрылғанда филармонияның алғашқы жетекшісі болған  дәулескер күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, марқұм Назымбек  Молдахметовтің есімі берілді.

–Ел Тәуелсіздігін мерекелеу және Елордамыздың туған күні қарсаңында осындай тамаша кеш өтіп отыр. Бүгінгі шараның бірден-бір ерекшелігі – бүгіннен бастап Тәуелсіздік жылдарында филармонияның қабырғасында негізі қаланған қазақ халық аспаптары оркестріне дарынды дирижер Назымбек Молдабекұлының есімі берілді. Бұл ұлттық өнеріміздің шынайы жанашыры болған елдің азаматына деген құрмет деп білеміз, – деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы.

Шара барысында санитарлық талаптар толығымен сақталды.