Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Көлік құрастыру қарқын алды

21 июля 2021 15:20 • 465 просмотров

Ресейдің ірі АВТОВАЗ, Arkana, Kaptur және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды дамытуды жалғастырады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Қостанай облысына жұмыс сапары барысында РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі өкілі Денис Пактың қатысуымен, қазақстан-ресей өндірістік кооперациясы шеңберіндегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексеріп қарады.

Сапар барысында өңірді мыңдаған жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін, автомобиль жасау саласындағы, ауылшаруашылық техникасы өндірісінің, сонымен бірге компоненттік базаның жаңа алдыңғы қатарлы жобалары табысты жұмыс істейтін және іске қосылуға дайындалып жатқан, аймақтың өнеркәсіптік мүмкіндіктері көрсетілді.

Сонымен, бүгін «СарыаркаАвтоПром» зауытында АВТОВАЗ президенті Николя Мордың қатысуымен, LADA автомобильдерін бірлесіп шығару бастау алды. Демек, зауыттың өндірістік алаңында LADA автокөліктерінің барлық модельдері: Niva Travel, Niva 4х4, Vesta, X-RAY, Largus и Granta шығарылатын болады.

LADA Granta автомобильдерінің өндірісі автокөліктерді бояу операцияларын қолданумен қатар, шағын торапты әдісін (CKD) қамтиды. Сонымен бірге, қазіргі уақытта отандық зауытта LADA автомобилін оқшаулауды одан әрі арттыру мақсатында, осы модельдің шанақтарын дәнекерлеу бойынша жоғары технологиялық өндірістік операцияларды дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Өндіріс үшін қажетті оқытудан өткен жаңа жұмыс орындары ұйымдастырылды.

Үкіметтік делегация «Рено Россия» бас директоры Ян Птачектің қатысуымен, жақында Arcana және Captur модельдерін шығару жөнге келтірілген, «СарыаркаАвтоПром» зауытындағы Renault өндірістік желісінің жұмысын қарап шықты. Өндірістік желі Renault Group жабдықтарына, технологиялық процестеріне және сапасын бақылауға қойылатын барлық талаптар ескеріле отырып құрылды. Жобаға қатысқан барлық қызметкерлер өндірістің барлық үдерістерін құру үшін, Renault стандарттары мен әдістеріне қажетті оқытудан өтті.

Қостанайда шығарылатын алғашқы автомобильдер ТМД елдерінің түрлі жол және климаттық жағдайларында пайдалану үшін өте жақсы бейімделген Renault Arkana және Renault Kaptur кроссоверлері болады. Болашақта сатып алушылардың сұранысына жауап бере алу үшін өндіріс көлемін біртіндеп арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ, биыл серіктестер Renault автомобилінің басқа модельдерінің есебінен өндіріс ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары «КАМАЗ» КАҚ бас директоры Сергей Когогинмен жаңа үлгідегі К5 КАМАЗ жаңа модельдік қатардың жүк техникасына арналған, шойын құймасы компоненттерін шығаратын KamLitKZ зауыты құрылысының жүрісімен танысты.

«КАМАЗ» компаниясымен бірлесіп 2 ірі жоба жүзеге асырылып жатқан «KamLitKZ» ЖШС құрылыс аумағына барды. Мұнда өндіріс қуаты жылына 40 мың тонна құйма шойын құю зауытын салу және өндіріс қуаты жылына 65 мың бірлік жетекші көпірлердің бас берілістерінің редукторларын өндіру жөніндегі зауыт салынып жатыр. Осы жобалар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 160 млрд. теңгеден асады, бұл ретте 700-ге жуық жұмыс орны құрылады.

Екі жоба Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі уағдаластықтар шеңберінде іске асырылуда. Өнімнің негізгі бөлігі экспортқа жіберілетін болады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының қатысуымен жетекші белдіктердің басты берілістерін өндіру жөніндегі КАМАЗ зауытын салу жобасы бойынша жаңа инвестициялық келісім-шартқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен KamLitKZ арасында осы компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылды.

Осы келісімдерді жасасу КАМАЗ компаниясының Қазақстан аумағында автомобиль компоненттерінің заманауи жоғары технологиялық өндірістерін құру жөніндегі ірі инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберіндегі тағы бір қадам болып табылады. Қазақстандық өндіріс өнімдері Набережные Челны қаласындағы (Татарстан, РФ) «КАМАЗ» бас зауытының конвейеріне жеткізілетін болады.

Жаңа жобаға салынған инвестиция шамамен 82 миллиард теңгені құрайды. Қазақстан зауытында және онымен шектес салаларда 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Жоба «Өнеркәсіптік Даму Қоры» АҚ қатысуымен жүзеге асырылуда.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының, РФ Өнеркәсіптік Сауда Министрлігі өкілінің, «КАМАЗ» ҚТҚ бас директорының және «АВТОВАЗ» АҚ Президентінің қатысуымен өткен кездесулер қорытындысы бойынша, Қазақстан аумағында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі 8 негізгі құжатқа қол қойылды. Зауытта жаңа корпустардың құрылысы жүріп жатыр, бұл өндіріс көлемін жылына 4 мың тракторға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

– Орайы келгенде, облыстың экономикалық өсімінің драйверіне айналған машина жасау саласына жеке тоқталған жөн. Машина жасау үлесі өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 38,5%-іне тең. Еңбек өнімділігі 2,1 есеге, трактор өндірісі 2,5 есеге, комбайн өндірісі 2,4%-ке, жеңіл автомобиль өндірісі 43,3%-ке ұлғайды. Автоөнеркәсіп бұған дейін қолға алған көлік маркаларымен қатар, биылғы наурыз айынан бастап «KIA» маркалы жеңіл көлік құрастыра бастады. Бүгінгі таңда барлығы 3 192 көлік жиналды. Алдағы уақытта Renault, «АвтоВАЗ» АҚ-мен Lada автомобильдерін құрастыру мен сатуды ұйымдастыру жөнінде өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Бұдан бөлек, JAC концерні автомобильдерді жергіліктендіру мен өндіруді дамытуға шамамен $10,0 млн құюға әзір. Өткен кезеңде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС конвейерінен барлығы 19 779 көлік құрастырылса, соның 1 672 автокөлігі экспортқа шығарылды. Биыл 60,0 мың автомобиль шығару жоспарланған, олардың шамамен 18,0 мыңы сыртқы елдерге сатылмақ, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Қостанай қаласындағы «АгромашХолдинг KZ» АҚ локализациялау орталығының базасында «КУВО» Беларусь компаниясымен бірлесіп, 2022 жылдың соңында жылына 30 мың жиынтық көлемінде ауыл шаруашылығы және автомобиль техникасына арналған көп қабатты шыны пакеттер өндірісін ашу және оны кемінде 70% деңгейде жергіліктендіру көзделген. Қостанай қаласында «Белкарпластик» ЖШҚ-мен бірлесіп, машина жасау саласы үшін композициялық материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі ашылады.

АӨК саласында тараптар Беларусь технологияларын тарта отырып, Қазақстанда сүт-тауар фермаларын салу бойынша ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр. Екі елдің іскер топтары өкілдерінің өткен кездесулері барысында тиісті уағдаластықтарға қол жеткізілді. Құрылыс индустриясында бірлескен жобаларды іске асыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.