Қостанай қаласын аралау барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов № 2 кәріздік сорғы станциясын қайта жөндеу барысымен танысты.
Станция 1974 жылы салынған және қаланың 30 пайызына қызмет көрсетеді. Қазір тозуына байланысты қанағаттанарлықсыз жағдайда. Қазіргі уақытта ТК астына резервуар мен негіз орнатылды, абаттандыру жұмыстары ішінара жүргізілуде, инженерлік коммуникациялар жүргізілді. Жаңа сорғы станциясының салынуымен коммуналдық қызметтердің сапасы жақсарады. Құрылыс-монтаж жұмыстарын ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр.
Бұдан кейін аймақ басшысы «Қонай»шағын ауданындағы үйлердің құрылыс барысын тексерді. Қазіргі уақытта мұнда кестеге сәйкес жоспарланған жұмыстар жүргізілуде.
«Қонай» шағын ауданында биыл 19 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Биыл 11 тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарлануда, ол 2022 жылы аяқталуы тиіс.