Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Баға бақылауда

23 июля 2021 14:13 • 515 просмотров

ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі негізгі азық-түлік тауарларының 32 түрі бойынша өңірлердің қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Бұл мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды ескереді. Өңірлердің жедел деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта республика бойынша 795 мың тонна көлемінде түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар.

 Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда 298 мың тонна, қоймаларда – 93,2 мың тонна, сауда желілерінде – 353,2 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 19,8 мың тонна. Сонымен қатар, 325 млн жұмыртқа мен 3,5 млн тонна азық-түлік бидайы бар. Осыған орай, тез бұзылатын өнімдердің қоры бір апта немесе одан да көп уақытқа, ал ұзақ мерзімді сақтау өнімдерінің бірнеше айға жеткілікті қоры жинақталған.

Айта кетер жәйт, азық-түлік өндірісі артып келеді және қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан олар бойынша тапшылық жоқ және күтілмейді.